«Енисей» өз алаңында «Астананы» жеңді

27.11.2022, 16:00    Оқылғаны: 560
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:

«Астана» Красноярск қаласында ВТБ Бірыңғай лигасы аясында кезекті ойын өткізді.

«Енисеймен» қарымта матч 89:76 есебімен аяқталды. Бұл Дражен Анзулович командасының осы маусымдағы алғашқы жеңісі.

Красноярск сапындағы басты қаһарман қорғаушы Анджело Уорнер болды (32 ұпай, 6 рет допқа жету, 4 пас, 1 блокшот).

«Астана» сапынан Кваме Вон (18 ұпай, 7 еркін лақтырудың 7-і орындалды), Майкл Майерс (17 ұпай, 11 допқа жету) және Маркелл Джонсон (14 ұпай, 7 пас) ерекшеленді.
 


«Жігіттерді жеңісімен құттықтаймын. Әрине, мен нәтижеге ризамын, бірақ олардың ойын соңында көрсеткен өнеріне риза емеспін. Бұл біз көргіміз келетін менталитет емес. Өкінішке қарай, психологиялық толқу мен менталитеттің жетіспеушілігі бізді маусымның басынан бастап мазалап келеді. Мен бұл үшін не істеу керектігін білемін, бірақ әзірге біз өзімізге қажет нәтижеге қол жеткізе алмай келеміз. Бірақ біз тырысамыз», — деді қарсыластың жаттықтырушысы Дражен Анзулович матчтан кейін.

4 желтоқсанда «Астана» «Зенитпен» ойнайды.

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.



«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»