Михаил Лоншаков: «Ақтөбе» ойыншылары бізге қарсы жақсы дайындалған»
«Астана» фарм-командасының бас бапкері Михаил Лоншаков «Ақтөбемен» алғашқы матчтың нәтижесіне түсініктеме берді.
— Бірінші кезекте, шабуылда жақсы ойнау үшін қорғаныс жеткіліксіз болды. Біз бірге бір шыққанда, «пик-н-ролл» жағдайларында өте нашар қорғандық және допқа таласта толық ұтылдық. Матчтың бірінші жартысында допқа таласта екі мәрте жеңіліп қалдық. Тиісінше қарсылас шабуыл жасау мүмкіндігіне ие болды.
«Ақтөбе» бізге жақсы дайындалған. Команда жылдам еркін шабуылдарды қолданды. Бірінші бөлікте біз қарсыласымыздан екі есе көп қорғандық.
Бүгінгі ойында менің көмекшім, ойыншы-жаттықтырушы Антон Пономарев пен Әлижан Ыдырысжан болмады. Олар суық тиіп, температурасы көтеріліп, қонақ үйде қалды, матчты онлайн көрді.