«Астана» құрамын Еуролига чемпионымен күшейтті

17.10.2016, 11:40    Оқылғаны: 600
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор: Альмира Шахаева
«Астана» Президенттік баскетбол клубы жаңа ойыншымен келісімшартқа отырғандығын ресми түрде мәлімдейді. Ол – Грекияның 25 жастағы әлеуеті зор ойын үйлестірушісі Кацивелис Димитриос. Бұл ойыншының бойы – 197 см. Димитриос ойын үйлестіруші міндетін де атқара алады, шабуылдаушы қорғаушы ретінде де ойнай алады. Кацивелис өткен маусымда гректің АЕК командасының намысын қорғаған.

Жетістіктері: 
  • «Олимпиокос» сапында екі дүркін Еуролига чемпионы – 2011/2012, 2012/2013 жж.
  • Грекияның екі дүркін чемпионы. 
  • Жастар арасындағы Еуропа чемпионы – 2008 ж. 

Оның тәжірибесі мен жеңімпаздық рухы біздің команданың алға қойған мақсаттарына қол жеткізуіне ықпал етіп, кәдеге асады деп үміттенеміз.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»