ЦСКА басым түсті

18.11.2022, 21:30    Оқылғаны: 651
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» ВТБ Бірыңғай лигасының кезекті матчында мәскеулік ЦСКА – дан жеңіліп қалды, қорытынды есеп 64:101-ді қонақтардың пайдасына.

Бұл ойын елордалық клубтың жаңадан келген кәсіпқойлары – Маркелл Джонсон мен Кваме Вон үшін дебюттік болды. Маркелл 18 ұпай жинап, 6 нәтижелі пас шығарып, кездесу үздіктерінің бірі болды. Сондай-ақ, «Астана» сапынан Майкл Майерс (15 ұпай және 11 рет допқа жету) ерекшеленді.

ЦСКА қатарынан Никола Милутиновты (15 ұпай, 10 допқа жету) және Деян Давидовакты (14 ұпай, 5 допқа жету) атап өткен жөн.

Сонымен қатар, 2018-2021 жылдары «Астананы» басқарған Эмиль Райкович велотрекке оралды, бұл жолы қарсыластар командасының бас бапкері ретінде.
 

«Ескі достар мен атмосфераны көргеніме қуаныштымын. Мен мұнда үш жылды жақсы өткіздім, сондықтан мен «Астана» туралы жақсы естеліктерді ғана сақтаймын. Менің ойымша, командада прогресс бар. Сіздердің жаттықтырушыларыңыз жақсы, бұл ұлттық команданың базалық клубы және сапалы легионерлермен команда бәсекеге қабілетті бола алады», — деді қазақстандық клубтың экс-жаттықтырушысы матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында.

ВТББірыңғай Лигасындағы келесі матчты астаналықтар 23 қарашада «Пари Нижний Новгород» ұжымына қарсы өткізеді. Келесі үй ойыны 13 желтоқсанда «Автодорға» қарсы өтеді.

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»