Осы кеште «Астана» тарихы терең Мәскеудің ЦСКА клубын қабылдайды.
Мәскеу командасы өз тарихын 1923 жылдан бастаайды, ШСӘҚ (Шаңғы спорты әуесқойлары қоғамы) негізінде OППВ (Всевобуч тәжірибелік-көрме спорт алаңы) деген клуб құрылған. Команда қазіргі атауын 1960 жылы алды. Бұған дейін клуб ЦДКА (Қызыл Армияның орталық үйі) және ЦСК МО (Қорғаныс министрлігінің орталық спорт клубы) деп аталды.
Осы жүзжылдық ішінде ЦСКА Ресейдегі және Еуропадағы ең титулды клубтардың бірі болды. Әскерилер — КСРО-ның 24 дүркін чемпионы, Ресейдің 27 дүркін чемпионы. ВТБ Бірыңғай Лигасының чемпиондық атағын ЦСКА он рет жеңіп алды.
Халықаралық аренада Мәскеу клубы төрт рет Еуролиганы жеңіп алды және бірнеше рет Еуропа чемпиондар Кубогының иегері болды.
«ЦСКА жақсы қадам жасады, олар қазіргі уақытта лиганың нағыз көшбасшысы. Біз, өз кезегінде, Қазақстан құрамасының әлем чемпионатына қатысуына байланысты шағын үзіліске шықтық.
Осы уақыт ішінде бізде құрамда өзгерістер болды: клуб қорғаушылар Маркелл Джонсон мен Кваме Вонды қатарына қосты. Біз лиганың көп жылғы көшбасшысымен ойынды асыға күтеміз және матч біздің ойынды күшейту үшін біздің іс — қимылдарымыздың дұрыстығын көрсетеді деп ойлаймын», — деді «Астананың» бас бапкері Олег Киселев.
«Күшті қарсыластарға қарсы ойнау әрқашан жақсы, бұл бізге тәжірибе береді. ЦСКА қазір ВТБ Бірыңғай лигасының кестесінде бірінші орында, олардың құрамы мен жаттықтырушысы өте мықты. Біз дайындалып жатырмыз, қарсыласымызды саралаймыз. Біз қазірдің өзінде жаңартылған құрамда ойнаймыз. Біз сапалы баскетбол көрсетіп, қарсыласымызға қарсы тұрамыз деп үміттенеміз. Жанкүйерлер залға толық жиналған кезде біз қуанамыз. Олар айқайлап жатқанда, бізге қуат береді. Бұл жолы солай болады деп үміттенемін!» — деді елордалық команданың капитаны Рустам Мырзағалиев.
Матч 18 қарашада «Сарыарқа» велотрегінде 19:30-да басталады.
Билеттер
Zakazbiletov.kz сайтында қолжетімді.
Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері
Доп додалары бөлімінде жарияланған.