ЦСКА-мен ойнаймыз: билеттер сатылымда!

07.11.2022, 10:00    Оқылғаны: 504
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
ВТБ Бірыңғай лигасы аясындағы Мәскеудің ЦСКА-на қарсы үй матчының билеттер сатылымы ашық.

ЦСКА баскетбол командасының тарихы 1923 жылдан бастау алады және осы уақыт ішінде ВТБ Бірыңғай лигасының 11 титулын және 8 рет Еуропа кубогын қоса алғанда, бірнеше атақтарды жеңіп алды.

Құрамында қазақтан шыққан алғашқы Олимпиада чемпионы Әлжан Мусурбекұлы Жармұхамедов өнер көрсеткенін атап өткен жөн.

«Астана» мен ЦСКА арасындағы матч – нағыз баскетбол шеберлері арасындағы қызықты жекпе-жек. 

Ойын «Сарыарқа» велотрегінде өтеді, басталуы сағат 19:30-да.

Біз сіздерді күтеміз! Бізге сіздің қолдауыңыз қажет!

Билеттерді Zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады.

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»