Рустам Мырзағалиев: «Аянбай жұмыс істейміз, еңсе көтеру керек»

05.11.2022, 18:00    Оқылғаны: 699
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» капитаны Рустам Мырзағалиев «Енисеймен» матчтан кейін пікірін айтты. 

«Біз өз ойынымызды ойнаған жоқпыз, өткен ойындардан кейін қорытынды жасамадық. Мұның себебі неде екенін білмеймін. Біз жұмыс істейміз, одан басқа не істей аламыз? Біз ес жиып, еңсе тіктеуіміз керек. Енді ұлттық құраманың ойындарына үзіліс болады, осы кезеңде бәріміз ойлануымыз керек. Алда көптеген ойындар бар, өткенді саралап, алға қадам басамыз.

Осындай ойын үшін жанкүйерлерден кешірім сұрағым келеді. Біз -30 ұпайға ұтылдық, алайда кейбір жанкүйерлер қолдай берді, бұл жақсы әсер берді. Әзірге біз олардың еңбегін ақтамай жатырмыз. Болашақта бұл өзгереді деп үміттенемін.»


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»