Олег Киселев: «Төртінші бөлікте мен қалаған баскетболды көрдік»
«Астананың» бас бапкері Олег Киселев «Локомотив-Кубаньға» қарсы ойын туралы түсінік берді.
«Бірінші бөлікте біз 18 ұпай жинаған Уиллиске қарсы тұра алмадық. Сонымен қатар, біз ойынды өте нашар ұйымдастырдық, әсіресе екінші бөлікте. Бірақ төртінші кезеңде біз нағыз баскетболды көрдік, мен бірыңғай осындай ойын көргім келеді. Осы матчтың төртінші бөлігі үшін мен өзімнің шәкірттеріме «бестік» қояр едім. Жақсы агрессия, қарқын, доптың ішкі—сыртқы қозғалысы болды. Иә, төртінші бөлікте біз көптеген ашық соққыларды іске асырған жоқпыз. Бірақ егер біз бұлай жиі ойнайтын болсақ, түбі нысананы дәл көздейміз.»