«Астана» ВТБ Бірыңғай лигасының тұрақты чемпионатының кезекті матчын өткізді.
Краснодарда «Локомотив-Кубаньмен» ойын алаң қожайындарының жеңісімен аяқталды — 73:53. Жеңіліске қарамастан, қазақстандықтар лайық көрінді, тіпті төртінші бөлікте жеңіске жетті.
«Локо» құрамында Даррал Уиллис (22 ұпай, 11 допқа талас), Андрей Мартюк (15 ұпай, 7 допқа талас) және қазақстандық команданың бұрынғы ойыншысы Джейлен Барфорд (15 ұпай) болды. «Астанадан» Даниил Аксенов (13 ұпай) көзге түсті.
«Астананың» көшпелі ойындар сериясы аяқталды. 5 қарашада Олег Киселевтің командасы үйде «Енисеймен» ойнайды. Билеттерді
Zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады.
Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері
Доп додалары бөлімінде жарияланған.