Қарсылас — «Локомотив-Кубань»

31.10.2022, 18:00    Оқылғаны: 519
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Бүгін «Астана» ВТБ Бірыңғай лигасы аясындағы кезекті көшпелі матчын өткізеді.

Қарсылас — Краснодар қаласынан «Локомотив-Кубань» ұжымы.

Клуб 1946 жылы «Минерал суларында» құрылды және көптеген жылдар бойы КСРО мен Ресей лигаларында ойнады. 2000 жылы «Локо» Санкт-Петербургтің «Спартагын» финалда жеңіп, баскетболдан Ресей Кубогының тарихтағы алғашқы иегері болды.

2003 жылы команда Ростов облысына, ал алты жылдан кейін Краснодарға ауысты. ВТБ Бірыңғай лигасында «теміржолшылар» 2011/12 маусымынан бастап өнер көрсетіп, төртінші орынға ие болды.

Турнирдегі «Локоның» басты жетістігі – 2012/13 маусымдағы ұтыс ойынындағы күміс, финалда команда Мәскеудің ЦСКА-нан жеңілді. Сол маусымда Краснодар Еуропа баскетбол клубының екінші маңызды турнирі – Еурокубоктың жеңімпаздары атанды.

Бір қызығы, 2012-2014 жылдары команда сапында форвард Валерий Лиходей ойнады.

2018 жылы Краснодар өз тарихында екінші Ресей Кубогын жеңіп алды, бұл жолы Нижний Новгородты жеңді.

«Локо» мен «Астана» арасындағы жеке кездесулердің статистикасы Краснодардың пайдасына 10 жеңіс. 

Матч Крсснодардағы «Баскетбол Холл» СК өтеді, Астана уақыты бойынша сағат 23:00-де басталады.

Кездесудің көрсетілімін «Астана» мен ВТБ Бірыңғай лигасының сайттарынан көруге болады.

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»