Ұлттық лига аясында «Астана» Қостанайда «Тобылға» қарсы екі ойын өткізді.
Бірінші матч 81:102 есебімен аяқталса, жауап ойынында команда 83:90 есеп айырмасымен жеңілді.
Тығыз күнтізбеге байланысты Қостанайға негізінен фарм-команданың бас бапкері Михаил Лоншаков бастаған клубтың жастар құрамы аттанды. Команданы негізгі құрамның бірнеше ойыншылары күшейтті: Асқар Майдекин, Руслан Айтқали және Андрей Литвиненко.
Екі кездесудің қорытындысы бойынша «Астананың» үздік ойыншылары қатарында Александр Оразбеков (30 ұпай, 13 пас), Асқар Майдекин (28 ұпай, 14 пас), Руслан Айтқали (26 ұпай, 15 пас) және Мағжан Сәрсенғалиев (22 ұпай, 8 пас) болды.
Сондай-ақ, осы маусымда алғаш рет шыққан «Астананың» ойыншы-бапкері Антон Пономаревті атап өткен жөн. Екі матчта ол 17 ұпай жинап, 13 рет соққы жасады.
Қонақтағы келесі матчты «Астана» дүйсенбіде өткізеді, қарсыласы — Краснодар қаласының «Локомотив-Кубань» командасы. Ойын Астана бойынша сағат 23:00-де басталады.
Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері
Доп додалары бөлімінде жарияланған.