«Тобылмен» ойнаймыз: қарсыласты таныстырсақ

29.10.2022, 10:00    Оқылғаны: 590
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Осы демалыс күндері «Астана» қостанайлық «Тобылмен» ойнайды.

«Тобыл» 2003 жылы құрылды. Осы уақыт ішінде клуб Қазақстан чемпионы (2003/04 маусым) және ел Кубогының иегері (2005 жыл) атанды.

Қазір команданың бас бапкері — 41 жастағы маман Тимур Сұлтанов, ал көшбасшылардың бірі – 33 жастағы «орталық» Антон Быков (бір матчқа орта есеппен 21 ұпай жинап, бір ойында 11.5 рет соққы жасайды). «Тобыл» ұлттық лига кестесінде екінші орында, төрт матчта үш рет жеңіске жетті.

Қостанайға негізгі құрамның кейбір ойыншылары мен фарм-команда да аттанды. Бұл ойындардың тығыз күнтізбесіне байланысты: дүйсенбіде Олег Киселевтің командасы Краснодарда «Локомен» кездеседі.

«Команда Қостанайға аман-есен жетті, барлығы жоспар бойынша жүріп жатыр. Негізгі команданың баскетболшыларынан Асқар Майдекин, Руслан Айтқали және Андрей Литвиненко бізбен бірге барды. Басқа ойыншылар жас, бірақ бүгінде олар фарм-командасында лайықты өнер көрсетуде.

Көңіл-күй жақсы, біз жеңіске деген жігер танытып, әр доп үшін күресуге дайынбыз!» — деді фарм-команданың бас жаттықтырушысы Михаил Лоншаков.

Матчтар 29 және 30 қазанда «Қостанай» СК паркетінде өтеді, екі ойынның басталуы Астана бойынша сағат 18:00-де.

Кездесуді клубтың ресми сайтынан көруге болады.

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»