Олег Киселев:«Үйдегі ойындарға мұндай көзқараспен шықпау керек»
«Астананың» бас бапкері Олег Киселев «Пари Нижний Новгородпен» өткен матчтың нәтижесіне түсінік берді.
«Мұндай көзқараспен кез келген ойындарға, әсіресе жанкүйер лық толған үйдегі кездесулерге шығуға болмайды. Бірінші кезекте олардан кешірім сұрағым келеді. Біздің ойыншылар бұл туралы ойлануы керек. Екінші жартысында біз қорғанысты аздап қалпына келтірдік. Ол бізге, әрине, көмектесті: екінші бөлікте жеңіске жеттік, бірақ бұл тұста «Пари Нижний Новгородтың» ротациясы кеңірек болды. Таблодағы есепке қарап, әрқайсымыз проблемаларды өзімізден іздеуіміз керек.»