Самсон Аракелян мен Антон Пономарев Рахымжан Қошқарбаев ауылындағы мектепке барды

22.10.2022, 18:00    Оқылғаны: 1249
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:

«Астананың» бас директоры Самсон Аракелян және фарм-команданың жаттықтырушысы Антон Пономарев Рахымжан Қошқарбаев ауылындағы мектепке барды.

Олар мұнда палуандар Сергей Цырульников пен Арман Сүлейменге қосылды, бұл топ Қазақстанның 100 ауылына барып, жергілікті жастарға қолдау көрсету, балаларды спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету сияқты ауқымды мақсаттар қойды.

Балалар қонақтарға түрлі сұрақтар қоюға мүмкіндік алды, жүлделер тігілген түрлі байқауларға қатысты, кейін баскетболшылармен ойнады.

Оқушылар «Астананың» ертең өтетін «Нижний Новгородқа» қарсы ойынына шақырылды.

 


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»