Үйдегі ойында «Нижний Новгородқа» жол бердік

23.10.2022, 17:00    Оқылғаны: 519
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» ВТБ Бірыңғай лигасының үй матчында «Нижний Новгородқа» жол берді. 

Қорытынды есеп — 60:80 Ресей командасының пайдасына.

«Астана» құрамында Майкл Майерс (17 ұпай, 6 рет допқа жету), Валерий Лиходей (8 ұпай), Дмитрий Гаврилов (7 ұпай, 6 рет допқа жету) үздік атанды.

Қарсыластар сапынан Иван Стребков (20 ұпай), Никола Йованович (18 ұпай, 8 доп) және Джермейн Лав (15 ұпай) озық шықты.
 

«Мен бүгін жеңіске жетудің маңызы зор деп айтар едім. Қосалқы құрамдағы кейбір ойыншылар бүгін ойнауға мүмкіндік алды. Бүгінгі ойында, Самарамен матчтағыдай, проблемалар көрінді. Өкінішке орай, мен мұны түсінбеймін. Баскетбол — бұл бір адам емес, команда ойнайтын ақылды ойын. Сондықтан ең бастысы — жеңіс, қалғанының бәрі бізді ойландырмайды», — деді «Нижний Новгородтың» бас бапкері Зоран Лукич ойыннан кейін.

Матч Валерий Лиходейдің туған күнінде өтті — форвард 36 жасқа толды. Көрермендер, олардың арасында бүгін ойынға қатыспаған елордалық клубтың баскетболшылары көңілді флешмоб ұйымдастырды.

Валерий Лиходей — БК Астана 2022/2023

Келесі матчты «Астана» 27 қазанда Самарада өткізеді.

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»