«Астана» ойыншылары Qadam Special School орталығына барды

20.10.2022, 18:00    Оқылғаны: 894
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» кәсіби баскетбол клубы Қазақстанның Ұлттық баскетбол Федерациясымен бірлесіп, дамуында ерекшеліктері бар балалар мен жасөспірімдерге арналған Qadam Special School орталығына барды.

Форвард Руслан Айтқали мен «орталық» Игорь Каныгин балаларға қонаққа келді. Балалар кәсіби баскетболшылармен жақсы уақыт өткізді, ойындарға қатысып, сыйлықтар алды.

«Кездесу жақсы әсер сыйлады. Мұнда олардың дамуына көмектесу үшін бәрі жасалған. Бұл өте керемет орталық, алғаш рет осындай орынға келіп, таң қалып отырмын. Балалардың талпынысы жақсы, олармен жақсы жұмыс істелген, біз көрсеткен нәрсені жасап, себетке доп салды. Осындай процеске қатысқаныма қуаныштымын, спорт — бұл біріншіден денсаулық, балалар үшін ең бастысы осы», — деп бөлісті Руслан, баскетболшылар «Астана» мен Қазақстан құрамасының матчтарында балаларды, оның ішінде арнайы орталықтардың тәрбиеленушілерін көруге әрқашан қуанышты екенін атап өтті.

«Іс-шара өте ұнады. Балалар өте жақсы, ілтипатты. Бір балаға кейбір жаттығуларды көрсеттім, бұл оған таңсық болғанымен, ол барынша тырысып, мұны істей алды. Бір бала келіп, мені құшақтады, бұл өте әсерлі болды», — деді Игорь.



«Бүгін керемет күн болды. Балалар спорттық машықтарды үйренген, олар кәсіпқойларды көруге қызығушылық танытады. Балалар өте жақсы, уақыт бөлгендеріңіз үшін көп рахмет. Керемет, достық атмосфера болды. Спортшылар да, балалар да қызығушылық танытты», — деп түйіндеді Орталықтың құрылтайшысы Айсұлу Мәжен, балалар «Сарыарқа» велотрегіндегі баскетбол матчына міндетті түрде қатысады деп уәде беріп.

Ойыншылар балаларға денсаулық, ал орталыққа одан әрі дамуын тіледі.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»