Қазандағы жеңіліс

16.10.2022, 23:00    Оқылғаны: 662
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» ВТБ Бірыңғай лигасында сырт алаңдағы кезекті матчын өткізді.

Олег Киселевтің командасы Қазанға барып, УНИКСтен – 54:109 есебімен жеңіліске ұшырады.

Қазақстандық клуб құрамында Даниил Аксенов (13 ұпай, 6 пас) және Игорь Каныгин (10 ұпай) үздік атанды.

Алаң иелерінен Винс Хантер (20 ұпай), Луи Лабери (17 ұпай, 5 допқа жету), Ненад Димитриевич (11 ұпай, 9 пас) озық шықты.

ВТБ Бірыңғай Лигасындағы дебюттік матчын осы маусым басталар алдында «Астанаға» қосылған 20 жастағы қазақстандық Александр Оразбеков өткізді. Ол соңғы бөлікте паркетке шығып, үш ұпайлық доп салып үлгерді, сонымен қатар нәтижелі пас берді.
 

«Астана» келесі матчын 23 қазанда өткізеді, елордалық клуб «Сарыарқа» велотрек паркетінде «Пари Нижний Новгородты» қабылдайды. Билеттер Zakazbiletov.kz сайтында қолжетімді.

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»