Олег Киселев: «Біз қателіктермен жұмыс істеп, оның себептерін іздейміз»

16.10.2022, 23:30    Оқылғаны: 668
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астананың» бас бапкері Олег Киселев УНИКС-ке қарсы матчтың нәтижесіне қатысты пікір білдірді.

«Мұндай айырмашылықпен ұтылған кезде түсініктеме беру қиын. Егер бірінші бөлікте біз қарсылық танытып, ойында қалсақ, екінші жартысында біз толығымен шашырап кеттік. УНИКС сияқты топ-командаларға қарсы біз тек бірінші бөлікте мардымды ойнай аламыз. Біз қателіктермен жұмыс істейміз және себептерін іздейміз. Техникалық себептерге байланысты бізде екі америкалық легионер қатыспады. Олар болғанда біздің қорғаныс және шабуыл шептеріміз басқаша көрінуі мүмкін еді».

23 қазанда елордалық клуб «Сарыарқа» велотрегінде «Пари Нижний Новгородты» қабылдайды. Билеттер Zakazbiletov.kz сайтында қолжетімді.

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»