IRBIS-ке қарсы матчтың билеттері сатылымда

01.10.2022, 18:00    Оқылғаны: 645
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Алматылық IRBIS-ке қарсы үй матчтары билеттерінің сатылымы ашылды.

Қарсылас — өткен маусымда Жоғары лигада жеңіске жеткен элиталық дивизионның дебютанты («SC Qazaqstan» атауымен). Команда құрамында елордалық команданың бұрынғы ойыншылары Николай Бажин мен Роберт Пан, сондай-ақ бес легионер бар: ресейліктер Глеб Толкачев пен Егор Захаров, серб Бурко Семин және америкалықтар Аарон Феликс пен Джейден Силс.

Екі ойын да «Сарыарқа» велотрегінде өтеді, басталуы сағат 20:00-де. 

Билеттер мына сілтеме арқылы қолжетімді Zakazbiletov.kz.

Команданы қолдауға келіңіз! Бізге сіздің қолдауыңыз қажет!

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»