Бірінші үй сериясындағы сәттілік

30.09.2022, 21:00    Оқылғаны: 530
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:

«Астана» Ұлттық лиганың бірінші үй сериясында «Атырау Барыстарын» екі рет жеңді.

Бірінші матч 92:59, екіншісі 77:64 есебімен аяқталды.

Егер бірінші ойынның қаһарманы Дмитрий Гаврилов болса (17 ұпай, 4 рет допқа бірінші жету, 1 блокшот), екіншісінде Даниил Аксенов ерекшеленді (19 ұпай, 5 допқа бірінші жету).

Баскетболшыларға өз командасын мінберлерде белсенді қолдаған жанкүйерлер күш берді. Ең белсенділері жаңа клубтық атрибуттар ұтысқа түскен байқауларға қатысты. Көрермендерді «Астана» маскоты Сэмми жігерлендіріп отырды.
 

 

4 қазанда Олег Киселев бастаған команда ВТБ Бірыңғай лигасында «Автодормен» кездеседі, ал 6-7 қазанда IRBIS Almaty-мен үй ойындары өтеді.

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.



«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»