Маусымды жеңіспен бастадық!

29.09.2022, 22:00    Оқылғаны: 566
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» жаңа маусымның бірінші ойынында «Атырау Барыстарын» жеңді.

Қонақтар елордалық командаға едәуір қарсылық көрсете білді, ойынның бірінші жартысында қарсыластар (39:35) ұпай жағынан алаң иелеріне жақындау болғанына қарамастан, үшінші және соңғы бөлік астаналықтардың басымдығымен өтті. Қорытынды есеп — 92:59 біздің пайдамызға.

Ұпай саны бойынша «Астананың»  Дмитрий Гаврилов (17) көш бастады, екі ұпайлық 7 мүмкіндікті жүзеге асырды. Екінші орында Роман Марчук (14), оның еншісінде 4 рет үш ұпайлық доп бар.
 

«Астана» мен «Атырау Барыстары» арасындағы екінші матч ертең сағат 19:00-де «Сарыарқа» велотрегінде өтеді. Барлық жанкүйерді күтеміз!

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»