«Атырау Барыстарымен» ойнаймыз: қарсыласты таныстырайық

29.09.2022, 10:00    Оқылғаны: 612
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Бүгін «Астана» жаңа баскетбол маусымын ашады. Команда ұлттық лигада «Атырау Барыстарымен» екі матч өткізеді, ойындар 29 және 30 қыркүйекте өтеді.
 
Атыраулық клуб 2003 жылы құрылған. Осы уақыт ішінде «Барыстар» екі рет Қазақстан чемпионатын жеңіп алды (маусымдарда-2010/11 және 2015/16), сондай-ақ бірнеше рет ұлттық біріншіліктің күміс жүлдегері атанды.
 
Өткен маусымда атыраулық команда ел Кубогының финалында «Астананы» жеңді, ал астаналық клуб Ұлттық лиганың финалдық сериясында озық шықты, сондықтан алдағы кездесудің маңызы аса жоғары.

Бұл жолы кім жеңеді? Мұны жақын арада білеміз.

Билеттер мына сілтеме арқылы қолжетімді Zakazbiletov.kz.

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»