«Астананың» ойыншылары мен бапкерлер штабы елордаға оралды

26.09.2022, 15:00    Оқылғаны: 292
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астананың» ойыншылары мен жаттықтырушылар штабы оқу-жаттығу жиыны өткен Ыстамбұлдан Қазақстанға оралды.
 
Негізгі құрам түрік клубтарымен бес бақылау матчын өткізді, жиындар аясында біз «Харемспор»,«Фенербахче» және «Истанбул ББ» командаларынан басым түстік. Сондай-ақ, команда «Бешикташ», Sigortam.net сияқты клубтарға қарсы ойнады.
 
Фарм-команда екі мәрте «Кадыкөйді» жеңді, сондай-ақ «Бейликдюзю», «Джеди Осман Академи», «Дарюшшафаки» және «Анадолу Эфес» жастар құрамаларымен бір-бірден кездесті.
 
Бүгін команда клуб Академиясының жаңа залында өтетін медиа-күнге қатысады.
 
«Астананың» барлық жанкүйерін 29 және 30 қыркүйекте өтетін «Атырау Барыстарымен» өтетін ойындарға шақырамыз. Билеттерді сілтеме бойынша сатып алуға болады.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»