«Астана» қызметкерлері Қазақстан спортының дамуына қосқан үлесі үшін марапатталды

22.08.2022, 18:00    Оқылғаны: 580
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Спорт күніне орай «Астана» баскетбол клубының қызметкерлері салауатты өмір салтын дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталды.

Sport Qory спортты қолдау қорының Бас директоры Асхат Сейсембек клубтың спорт жөніндегі директоры Рүстем Мұқановқа «Дене шынықтыру және спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін табыс етті.

Сондай-ақ, «Астана» баскетбол клубының Бас бухгалтері Динара Акпердинова Мәдениет және Спорт министрлігінің құрмет грамотасымен марапатталды. Әріптестерімізді құттықтаймыз!

Бұл марапат сіздердің «Астанаға» және қазақстандық баскетболға қосқан үлестеріңізді көрсетеді.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»