Самсон Аракелян: «Барыстың» Гагарин кубогы финалына дейін жетуіне тілектеспін
ПБК «Астана» КБК Бас директоры Самсон Аракелян «Барыс» пен «Автомобилист» арасындағы Қазақстан Республикасы Президенті кубогы матчына барды.
«Мен «Барыс Аренаға» бірінші рет келдім, әрі қайран қалдым. Бұл – әлемдік деңгейдегі арена. Жақында ғана тұсауы кесілген логотип пен команданың бүкіл жаңа айдентикасы өте ұнады.
Шын көңіліммен «Барысқа» жеңістер тілеймін, Президент кубогын жеңіп алып, Гагарин кубогының финалына дейін жетулеріне тілектеспін», – деп игі тілек білдірді.