«Астана» «Kids EXPO. Балалар Әлемі» жәрмеңкесіне қатысады

15.08.2022, 18:00    Оқылғаны: 510
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Осы аптада «Астана» баршаңызды «Kids EXPO. Балалар Әлемі» айдарымен өтетін балалар тауарлары жәрмеңкесінде күтеді.

Атана-аналар жаңа оқу жылына балаларын дайындай алатын аталмыш іс-шара 17-21 тамыз аралығында EXPO ХКО өтеді (Мәңгілік Ел даңғылы, 53/1). 

Бірінші күні клубымыздың жеңіл шабуылшысы Руслан Айтқалидың шеберлік-сабағын тамашалап, фото және қолтаңба сессиясына қатыса аласыздар. 

Жұма және сенбі күндері Академия жеткіншектері дриблинг-шоу, сондай-ақ допты қақпақылдап жүру мен оны шығыршыққа түсіруден шеберлік-сабағын өткізеді. Әрі басқа да баскетбол бәйгелері ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, осы күндердің бәрінде де сіздер клуб қызметкерлерінен «Астана» және Академия жайлы барлық сұрақтарыңызға жауап ала аласыздар. Сондай-ақ, қонақтар үшін бос шығыршық пен доптар тұрады, яғни доп салудан сайысқа түсуге де болады. 

Жәрмеңкеге кіру тегін.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»