Нұр-Сұлтанда ҚР Ұлттық баскетбол федерациясының кезектен тыс конференциясы өтті. Іс-шараға ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі С.Жарасбаев, ҚР ҰОК, өңірлік федерациялардың өкілдері және ұйымның Атқарушы комитетінің мүшелері қатысты.
Конференция барысында барлық қатысушылардың бірауыздан шешімімен ҚР ҰФБ жаңа басшысы Абай Абдисаметұлы Алпамысов болды. Бұрын, 2013 жылдан 2017 жылға дейін ол осы федерацияның президенті қызметін атқарды.
Өз сөзінде ұйым басшысы өзіне көрсетілген сенім үшін алғысын білдірді.
«Қыркүйек айының соңына қарай біз кешенді бағдарлама әзірлейміз, онда өңірлік, 3х3 командалардың, құрама проблемаларын шешу жолдары, клубтарды қолдау қамтылады. Бұл жолдан жалғыз өту мүмкін емес, сондықтан сіздердің қолдауларыңызға сенемін», — деді А.Алпамысов.
Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдан бастап ағымдағы жылдың қаңтар айына дейін Ұлттық баскетбол федерациясының президенті қызметін Димаш Досанов атқарды.
Анықтама:
А.Алпамысов М. В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Есептеу математикасы және кибернетика факультетін бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметінде жұмыс тәжірибесі бар. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы есеп комитеті аппараты басшысының орынбасары лауазымын атқарды.
Басшылық қызметтерде жұмыс істеді және Қазақстан Республикасының ірі ұлттық компанияларында Басқарма мүшесі болды. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде басшы қызметтерде жұмыс істеді. Ең жақсы экономикалық зерттеулер үшін Дүниежүзілік банк сыйлығымен марапатталған.