Николай Бажин мансабын басқа командада жалғастырады

22.07.2022, 20:00    Оқылғаны: 492
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» клубы мен баскетболдан Қазақстан ұлттық құрамасының кіші шабуылшысы Николай Бажин мансабын басқа командада жалғастырады.

Николай Бажин “Астана” клубына 2018 жылы келген.  Бұған дейін «Astana Tigers», «Тобыл» және «Барсы Атырау» командаларында өнер көрсеткен.

Елордалық клубта төрт жыл бойы Бажин ВТБ Бірыңғай лигасында 58 матч өткізіп, 220 ұпай жинады.

Николай “Астана” клубымен бірге Қазақстанның төрт дүркін чемпионы және ел кубогының үш дүркін иегері атанды.

Николай Бажинге біздің клубта өткізген тамаша маусымдары үшін алғыс айтамыз және оған алдағы барлық істерінде сәттілік тілейміз.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»