«Астананың» жаттықтырушылар штабын дене даярлығы бойынша жаңа бапкер Ринат Абитов толықтырды.
«Астана» баскетбол клубы алдағы маусымда команданың жаттықтырушылар штабын қалыптастыруды жалғастыруда және жаңа жаттықтырушымен келісімшартқа қол қойылғаны туралы хабарлайды. Енді команда ойыншыларының физикалық дайындығы мен жеке дамуына қазақстандық маман Ринат Абитов жауап береді.
Ринат Абитов — дене шынықтыру және оңалту бағытында жаттықтырады, ол биомеханика маманы саналады. АҚШ, Ресей және Қазақстанда спорттың әр түрінен кәсіби спортшылармен он жылдан астам жұмыс істеген. Олимпиада ойындарының жүлдегерлері мен қатысушыларын дайындаған тәжірибесі бар.