«Астана» мен Деян Парежаниннің келісімшарты тараптардың өзара келісімі бойынша бұзылды

21.07.2022, 15:00    Оқылғаны: 327
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астананың» бас бапкерінің міндетін атқарушы және «Астана» балалар баскетбол академиясының бас бапкері Деян Парежанин клубтан кетті.

Серб маманы команданы наурыз айында, бас бапкер Дарко Руссо отставкаға кеткеннен кейін қабылдады. 

Аталмыш бапкердің жетекшлігімен «Астана» командасы ВТБ Бірыңғай лигасында жеті матч өткізді. Бұған дейін Парежанин «Босния», «Мега Визура» және «Войводина» сияқты еуропалық клубтардың жастарымен жұмыс істеген.

Біз Парежанинге «Астана» тарихына қосқан үлесі үшін алғыс айтамыз және алдағы спорт мансабында  табыс тілейміз!


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»