3х3 баскетболынан “Moscow Open” халықаралық турнирі — Топтық кезең

27.05.2022, 10:00    Оқылғаны: 1387
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:

Бүгін, 27 мамырда, астана уақытымен 17:00-де «Moscow Open» 2022 турнирінің топтық кезеңіндегі алғашқы ойындар басталады. «Street Basket Russia» Көше баскетболы қауымдастығы Мәскеуде 15-ші рет 3х3 “Moscow Open” 2022 халықаралық кубогын ұйымдастырады, ал «Астана» баскетбол клубы оған алғаш рет қатысады.

«Астана» командасының құрамы:

  • Руслан Айтқали
  • Николай Бажин
  • Роберт Пан
  • Александр Оразбеков


«Астананың» бірінші ойыны 20:25-те басталып, біздің жігіттер Сербияның «Krupanj» командасымен додаға түседі. Екінші ойынымыз ресейлік «Inanomo» командасымен өтеді. Бұл кездесу астана уақытымен 21:25-те басталады.




«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»