«Астана» Алматыда «Нижний Новгородты» қабылдайды

01.04.2022, 18:00    Оқылғаны: 305
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:

«Астана» баскетбол клубы ВТБ Бірыңғай лигасы додасындағы кезекті ойынын тағы да Алматыда өткізіп, бұл жолы ресейлік «Нижний Новгород» клубымен додаға түседі. Матч 3 сәуір күні Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайы аренасында өтеді. Басталуы – астана уақытымен 16:00-де. Билеттер Zakazbiletov.kz сайтында сатылымға шықты.

«Нижний Новгород»
 — Ресейдің ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Нижний Новгород қаласынан, 2000 жылы құрылған.

Жетістіктері:

  • Ресей Суперлигасындағы «Б» дивизионының чемпионы – 2010
  • Ресей кубогының финалына шыққан – 2011, 2018, 2019
  • ВТБ Бірыңғай лигасының күміс жүлдегері – 2013/14
  • Ресей чемпионатының күміс жүлдегері – 2013/14
  • Euroleague Top-16 додасында бақ сынаған – 2015
  • Чемпиондар лигасының «Сегіздік финалына» іліккен – 2021

Basketball club Nizhny Novgorod 2021/2022

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»