“Астана” мен “Каспий” Ұлттық лига маусымында үшінші рет додаға түсті. Турнир кестесінде ақтаулық қарсыластарынан әлдеқайда ұзап кеткен астана командасы бұл ойында айқын фаворит болып есептелді.
Ойын барысы: “Астана” көп күттірмей-ақ, бірінші минуттардан бастап ойын тізгінін өз қолына алды. Тіпті бірінші кезең бел ортасына жетпей, олар жиырма ұпай айырмасымен қара үзіп кетті. Алайда, “Каспий” бірінші кезеңнің екінші жартысында еңсе тіктеп, есепті біршама қысқартты. Десек те, олар алғашқы кезеңде оңбай ұтылды – 29:16. Екінші кезеңде де алаң иелері айылдарын жиған жоқ. Әрі есеп айырмасын қайтадан жиырма ұпайға жеткізді, кезең соңында одан да арттыра түсті. Ақтау командасы бұл кезеңнің екінші жартысында да ұтылып, есеп айырмасы жиырма төрт ұпайға дейін ұлғайды – 49:25. Шығыршық ауыстырғаннан кейін бастапқы бес минут өте нәтижесіз өтті. Астана ұжымы небәрі төрт ұпай еншілесе, “Каспий” соның жартысын ғана қанағат тұтты. Бұл кезеңнің қалған уақытында ақтаулықтар бірде-бір ұпай еншілей алмай, ал “Астана” көсіле сілтеп, соңғы онминуттық қарсаңында тым алысқа ұзап кетті – 70:27. Осылай, дода көрігі әбден суып, алаң иелерінің жеңісті енді уыстарынан шығармасы әлдеқашан белгілі болды. Сөйтіп, астана командасы ойынды ірі жеңіспен тәмамдап, екі еседен астам есеп айырмасымен үстем түсті — 88:41.
Маңызды сәт: “Астана” матчты аса жоғары қарқында бастап, суырылып алға шықты да (22:2), бұдан кейін ойын тізгінін уыстарынан шығарған жоқ.
Матч үздігі: Скайлар Спенсер алаңда жиырма минуттан да аз ойнап, осы уақыт ішінде дабл-дабл авторы атанып үлгерді.
Көп ұпай жинағандар:
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры |
Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» |