Серб маманы Деян Парежанин «Астана» баскетбол клубының бас бапкері міндетін атқарушы болып бекітілді.
Деян – балалар мен жасөспірімдер дайындау жағынан Еуропадағы ең үздік ұжымдардың бірі «Партизан» баскетбол клубы жүйесінен түлеп ұшқан маман. Жаттықтырушылық карьерасын толықтай Сербиядағы балалар мен жастар командаларын баптауға арнаған. Оның командалары Еуролигада да ойнаған.
Деяның бапкерилік жолы осыдан он жылға жуық уақыт бұрын Босниядан арна тартқан. «Босния» баскетбол клубы жүйесінде жұмыс істеп, селекциялық қызметті басқарған. Оның шәкірттері өз жастары деңгейіндегі бірнеше турнирде жеңіске жеткен. 2010-2011 маусымында Парежанин басқаратын «Босния» өз еліндегі ұлттық турнирде ең жас команда болып, соған қарамастан, Кубоктың жартылай финалына дейін жетіп, премьер-лигада топ жарады. 2013/2015 маусымында ол Белградтың «Мега Визура» клубының жастарын жаттықтырған. Оның 18 жасқа дейінгі командасы өз жас шамасындағы Еуролигада ойнаған. Қазақстанға келгенге дейінгі соңғы жұмыс орны KLS клубы болды. Бұл – Сербиядағы азулы «Войводина» клубының фарм-командасы. Парежанин онда бас бапкер болған.
![]() «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры |
![]() Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» |