«Астанаға» «Атырау Барыстарымен» өтпеген екінші ойында техникалық жеңіліс жазылды

05.03.2022, 19:00    Оқылғаны: 176
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:

Ел чемпионатының Ұлттық лигасындағы, «Астана» және «Атырау Барыстары» баскетбол клубтары арасындағы, 5 наурыз күні Нұр-Сұлтандағы «Сарыарқа» велотрегі алаңында өтуі тиіс матч техникалық себептерге байланысты өткен жоқ. Сол себепті, астана командасына 0:20 есебімен техникалық жеңіліс жазылды.   

Сөйтіп, бұл «Астананың» Ұлттық лиганың биылғы маусымындағы және «Атырау Барыстарымен» арадағы жалқы жеңілісі болды. Енді астана командасының келесі ойыны түзде өтеді. Нақтырақ айтқанда, елордалықтар 13 наурыз күні ВТБ Бірыңғай лигасы аясында «Цмоки-Минск» клубымен кездеседі.

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.



«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»