«Астана» биылғы маусымда «Атырау Барыстарын» бесінші рет тізе бүктірді

05.03.2022, 10:00    Оқылғаны: 206
Дереккөз: ҰБФ ҚР
Автор:

“Астана” мен Атырау Барыстары” Ұлттық лига маусымында бесінші рет додаға түсті. Бұған дейінгі төрт ойында да «Астана» басым түскен болатын. Бүгінгі ойын өте қызықты болады деп күтілді, алайда біздің астаналық ұжымның жеңіске жететініне сенетіндер көп еді.

Ойын барысы: “Астана” ойын басталған бетте алға қарай лап қойып, екі минуттың ішінде алты ұпай еншілеп, алда тұрды. Бірақ қонақтар да қарап қалмай, тез арада еңселерін тіктеп, бірінші кезеңнің алдында тіпті бір ұпай айырмасымен алға шықты. Бірінші кезең аяқталғанша ойын тең дәрежеде өрбіп, екі команда алма-кезек алға шығып отырды. Әрі “Атырау Барыстары” осы кезеңдегі соңғы шабуылды сәтті аяқтап, онминуттықта басым түсті – 22:25. Атыраулықтар екінші кезеңінің бастапқы екі минутында да алда тұрды. Бұдан кейін астана ұжымы алға шығып, матчтың бірінші бөлігі аяқталғанша ойын тізгінін өз уыстарынан шығарған жоқ. Алайда, “Астана” қонақтарынан алысқа ұзап кете алмады. Десек те, үлкен үзіліс қарсаңында астаналықтар серпіліс жасап, үлкен үзіліске дейін есеп айырмасын біршама ұлғайтты – 50:42. Шығыршық ауыстырған соң алаң иелері алға қарай лап қойып, есеп айырмасын лезде 20 ұпайға жуықтатты. Атырау команда осыдан кейін ғана үшінші кезеңдегі аллғашқы добын салды. Бұдан кейінгі төрт минутта командалар арасы осы шамада сақталып тұрды. “Барыстар” үшінші кезеңнің соңына дейін есепті аздап қысқартқандарымен, соңғы кезең қарсаңында 15 ұпай айырмасымен ұтылып жатты – 72:57. Жасыл-ақ жейделілерге ойын барысын өзгерту үшін қамшыны басу керек еді, бірақ төртінші кезеңнің бастапқы бес минутында олардың ойындары үйлеспей қойды. Матчтың аяқталуына бес минут уақыт қалғанда “Астана” 16 ұпай айырмасымен ұтып жатты. Әрі кезең бел ортасынан ауған соң алаң иелері шабуылды үдете түсіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Есеп – 91:68.

Маңызды сәт:“Астана” үшінші кезеңнің басында серпіліс жасап, төртінші кезеңнің екінші жартысында да көсіле сілтеп, ірі жеңіске қол жеткізді.

Матч үздігі: Скайлар Спенсер бүгінгі матчта көсіле сілтеп, матчтың ең тиімді ойыншысы болды.

Көп ұпай жинағандар: Скайлар Спенсер (16 ұпай, 9 рет доп қағып алды, 4 пас, 2 рет допты тартып алды, 2 блокшот), Руслан Айтқали (16 ұпай, 6 рет доп қағып алды), Олег Балашов (13 ұпай, 2 рет доп қағып алды, 8 пас, 2 рет допты тартып алды).

Келесі ойын: Ертең, 5 наурыз күні, “Астана” мен “Атырау Барыстары” тағы да Нұр-Сұлтандағы “ Сарыарқа ” велотрегі аренасында додаға түсіп, ел чемпионатындағы екеуара соңғы ойындарын өткізеді. Ойынның басталуы – астана уақытымен 19:30-да.
 


Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.



«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»