«Астана» баскетбол клубының фарм-командасы өзінің алғашқы Медиа-күнін өткізді

28.01.2022, 18:00    Оқылғаны: 1352
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:

Назарларыңызға «Астана» баскетбол клубы құрамындағы жастар командасының өз тарихында бірінші рет, 26 қаңтар күні астанадағы «Сарыарқа» республикалық велотрегі аренасында өткен Медиа-күнінен репортаж ұсынамыз.

Команданың бас бапкері Деян Парежанин мұндай шараның маңыздылығына тоқталып, ал ойыншылар түсірілім барысындағы өз эмоцияларымен бөлісті.
 


Сайтымыздың Медиа бөліміне салынған, біздің жас жігіттеріміздің әсерлі суреттерінен бөлек, Медиа-күн аясында көптеген пайдалы контенттер жиналды. Оларды алдағы уақытта жастарымыздың Instagram парақшасынан күтіңіздер.

Естеріңізге сала кетейік, «Астана» баскетбол клубының фарм-командасы 2021 жылы қыркүйек айында, «Sport Qory» туризм және спорт индустриясының қолдауымен, ерлер арасындағы Қазақстан чемпионатының жоғарғы тобы додасына қатысу үшін құрылды. Команда құрамы толықтай Академия түлектерімен жасақталған, ал жаттықтырушылар құрамын оның бапкері Деян Парежанин басқарады.



«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»