Энтони Хики ВТБ лигасының Жұлдыздар матчындағы «Әлем Жұлдыздары» құрамына ілікті

26.01.2022, 18:15    Оқылғаны: 183
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:

Жанкүйерлер арасындағы дауыс беру және 25 басылым қатысқан БАҚ өкілдері арасында жүргізілген сауалнама қорытындысы бойынша ВТБ Бірыңғай лигасының алтыншы рет өтетін Жұлдыздар матчына қатысатын командалар құрамы анықталды. Бұл матч 20 ақпан күні Мәскеудегі «ВТБ Аренада» өтеді. «Астана» баскетбол клубының плеймейкері Энтони Хики «Әлем жұлдыздары» сапында өнер көрсететін болды.

Естеріңізге сала кетейік, Лиганың құзыретінде екі құрамаға да әлі 2 wild card бар. Яғни, қос команданың 12 ойыншыдан құралған соңғы құрамдардары жақын арада жаряланады.

БАҚ сауалнамасы қорытындысынан кейінгі командалар құрамы:

  • «Ресей Жұлдыздары»: Иван Стребков («Нижний Новгород»), Дмитрий Кулагин («Зенит»), Алексей Швед (ЦСКА), Евгений Колесников («Автодор»), Евгений Воронов («ПАРМА»), Антон Астапкович («Нижний Новгород»), Сергей Карасев («Зенит»), Андрей Воронцевич (УНИКС), Джоэль Боломбой (ЦСКА), Станислав Ильницкий («Локомотив-Кубань»)
  • «Әлем Жұлдыздары»: Эрик Макколлум («Локомотив-Кубань»), Билли Бэрон («Зенит»), Кенни Чери («Автодор»), Иффе Лундберг (ЦСКА), Энтони Хики («Астана»), Марио Хезонья (УНИКС), Джордан Мики («Зенит»), Торнике Шенгелия (ЦСКА), Джонатан Мотли («Локомотив-Кубань»), Джон Браун III (УНИКС)


БАҚ арасындағы сауалнама қорытындысы ВТБ Бірыңғай лигасы сайтында жарияланған.​

Естеріңізге сала кетейік, ВТБ Бірыңғай лигасының Жұлдыздар матчы 20 ақпан күні Мәскеудегі «ВТБ Аренада» ұйымдастырылып, «Ресей жұлдыздары» — «Әлем жұлдыздары» форматында өтеді.
Билеттерді сатып алуға болатын промо-сайт: https://tickets.vtb-league.com.



«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»