«Астана» баскетбол Академиясына – бес жыл

12.01.2022, 10:30    Оқылғаны: 812
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:

Тұп-тура 5 жыл бұрын, яғни 2017 жылғы 12 қаңтар күні астанадағы Назарбаев Университеті спорт алаңында «Астана» баскетбол клубының балалар Академиясы салтанатты түрде ашылған. Осы қысқа ғана уақыт ішінде Академия өзінің жетілу жолын сәтті өткізіп, ендігі өз жемісін бере де бастады. Бұл туралы біз өз мақаламызда тізіп өтпекпіз.

Балаларға арналған баскетбол академиясын ашу ұйымдастырушылардың ойында бірнеше жыл бойы пісіп-жетілген болатын. Сөйтіп, 2016 жылдың аяғында осы жобаны жүзеге асыру барысындағы кешенді жұмыстар басталған. Академияның негізгі мақсаты елімізде баскетболды дамытуға берік те, баянды база құрып, одан әрі жоғары спорттық білім алуға ықпал ету болды. Жоғары деңгейлі Қазақстан ойыншыларын тәрбиелеу барысындағы ұзақ мерзімді Академия жобасында жастар арасындағы республикалық чемпионаттарға қатысу, клубтың фарм-командасын құру, әрі ең соңында ең үздік шәкірттерін негізгі команда құрамына тарту қарастырылды.

Алдына қойған мақсаттарына қол жеткізу үшін Академияның жұмыстары әу бастан халықаралық талаптарға сай түзілді, әрі кәсіби құрал-жабдықтар және барлық қажетті заттар, оның ішінде балаларға арналған ойын киімдері алынды.
 


Жаттықтырушылар құрамы

Академия құлылған сәтен бастап, бүгінгі күнге дейін бас бапкер қызметін серб маманы Деян Парежанин атқарып келеді. Ол балалар мен жасөспірімдер дайындау жағынан Еуропадағы ең үздік ұжымдардың бірі «Партизан» баскетбол клубы жүйесінен түлеп ұшқан. Жаттықтырушылық карьерасын толықтай Сербиядағы балалар мен жастар командаларын баптауға арнаған. Оның командалары Еуролигада да ойнаған.

Академия баскетбола Астана — Деян Парежанин

Деяның бапкерилік жолы осыдан он жылға жуық уақыт бұрын Босниядан арна тартқан. «Босния» баскетбол клубы жүйесінде жұмыс істеп, селекциялық қызметті басқарған. Оның шәкірттері өз жастары деңгейіндегі бірнеше турнирде жеңіске жеткен. 2010-2011 маусымында Парежанин басқаратын «Босния» өз еліндегі ұлттық турнирде ең жас команда болып, соған қарамастан Кубоктың жартылай финалына дейін жетіп, премьер-лигада топ жарады. 2013/2015 маусымында ол Белградтың «Мега Визура» клубының жастарын жаттықтырады. Оның 18 жасқа дейінгі командасы өз жас шамасындағы Еуролигада ойнайды. Бізге дейінгі соңғы жұмыс орны KLS клубы болады. Бұл Сербиядағы азулы «Войводина» клубының фарм-командасы болатын. Парежанин онда бас бапкер болды.

Бүгінге дейін бас бапкердің көмекшілері қызметін қазақстандық екі жас маман атқарып келеді. Антон Кирин Академияда оның құрылған кезінен бері еңбек етіп келеді, екіншісі – бұрын ойыншы болған Владимир Формазонов.

Шетелдік маманды шақыртудағы негізгі мақсаттың бірі – оның тәжірибесін отандық жаттықтырушыларға сіңіру, сондай-ақ, Қазақстан баскетболын дәріс беру тұрғысынан дамыту. Әрі сонымен бірге, Академия бапкерлеріне балаларды жан-жақты физикалық және интеллектуалды тұрғыда жетілдіре түсу, оларға көшбасшылық қасиеттерге баулу және командаға жұмыс істей білуге үйрету, әрі әрине, олардың мәдени басқосуларын қалыптастыру жүктелген.

Жазғы баскетбол лагері

Академияның бірінші маусымы аяқталған соң, 2017 жылы шілде айында, оның базасында оқушыларға арналып, бірінші жазғы баскетбол лагері ұйымдастырылды. Легерь ұйымдастырудағы бастапқы ой-мақсат балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту, балалар мен жеткіншектер арасында тәртіп пен спорттық тәрбие қалыптастыру болды. Астанадағы бірінші баскетбол «кэмпінің» алғашқы қарлығаштары 7-15 жас арасындағы балалар болды. Олар мамандандырылған дәріс аясында баскетболдың қыр-сырымен танысып, өз икемдерін Академия жаттықтырушыларымен шыңдай түсті.

Екі апталық дәрістің бағдарламасына мазмұнды жаттығу жұмыстары және ойын тактикасына үйрету, сондай-ақ аналитикалық мен командалық ойлау қабілетін жетілдіру тұрғысында NBA додасының ең үздік ойындарын бірге тамашалау енгізілді. 

Летний баскетбольный лагерь Астана

Летний баскетбольный лагерь Астана

Академиядағы оқиғалар мен қонақтар

Академия іске қосылғалы ондағы жас жеткіншектерді қосымша ынталандыра түскен шаралар танымал қонақтармен өткен қызықты кездесулер мен жарқын сәттер болды.

2017 жылдың қазан айында олардың жаттығуларының біріне «Реал Мадрид» клубы мен Испания құрамасының бұрынғы баскетболшысы, қазіргі «BDA Sport» агенті Энрике Виллалобус пен танымал спорт менеджері, Испанияның «Уникаха» клубында 22 жыл еңбек еткен, бүгінде скаутинг жөніндегі операциалық директоры Маноло Рубио келді. Испаниялық қонақтар жаттығу жұмысына құр қол келген жоқ, олар балаларға «Уникаха» БК атрибутиктерін, ал жаттықтырушылар құрамына жаттығу процесіне арналған, Испанияның белгілі «Малага» клубының баскетбол тақталарын сыйлады.

Академия баскетбола Астана — Энрике Виллалобус и Маноло Рубио

Академия баскетбола Астана — Валерий Тихоненко

2018 жылдың 12 қаңтарында, яғни Академияның бірінші туған күнінде кеңестік баскетболшы және 1972 жылғы Олимпиада чемпион Әлжан Жармұхамедов келіп, жас тәлімгерлерге шеберлік сабағын өткізді. Әлжан Жармұхамедов Қазақстанға астана баскетбол клубының шақыртуымен келіп, тәжірибесімен бөлісті.

Сонымен қатар, Жармұхамедовтің Астанаға келген сапары аясында «Движение вверх» фильмінің жабық көрсетілімі өтті. Онда кеңестік құраманың 1972 жылғы Олимпиада ойындарындағы аңызға бергісіз жеңісі туралы баяндалған. Премьераға Академия тәлімгерлері мен «Астана» командасының негізгі құрамдағы баскетболшылары да шақыртылды. 

Академия баскетбола Астана — Алжан Жармухамедов

Академия баскетбола Астана — Алжан Жармухамедов

2019 жылдың маусым айында астанадағы, Назарбаев Университетіндегі Академия базасында Қазақстан ұлттық баскетбол федерациясының қолдауымен қызықты әлеуметтік тәжірибе өткізілді. Онда біздің жас баскетболшылар елорда мен Ақмола облысындағы балалар үйлерінің тәрбиеленушілерімен кездесті. Олар сол кезде «E-venti» халықаралық компаниясы ұйымдастырған «AC Milan Junior Camp» футбол лагерінде жүрген болатын.

Академия жаттықтырушылары балаларға арнап, шеберлік сабақтарын өткізіп, оларды баскетбол ойынының қыр-сырымен таныстырды. Бұл шара тек спорттық сипатта ғана емес, жас баскетболшылар үшін әр түрлі әлеуметтік жіктегі құрдастарымен қарым-қатынас орнату мәніндегі маңызды қадам  болды. Балалар үйлерінің жеткіншектері жаттығу жұмысына зор ынтамен көңіл бөлді, болашақта олардың ішінде қайсыбіреуі баскетболды өзіне негізгі спорт түрі ретінде таңдап алуы да әбден мүмкін.

Академия баскетбола Астана

Академия баскетбола Астана — Рустам Ергали

2019 жылы 15 ақпанда , «Астана» баскетбол клубының өз алаңында «Химки» командасымен өтетін матчы қарсаңында, астана баскетбол Академиясының тәлімгерлері Мәскеу облысынан келген ойыншылармен кездесті. Ресейлік команданың Сергей Моня, Егор Вяльцев және Стефан Йович сынды ойыншылары балалармен баскетболда асқақ армандарды қалай құрып, қол жеткізуге болатындығы, әрі үнемі бабыңда болу үшін не істеу керек екендігі жөнінде ашық сөйлесті.

Академия баскетбола Астана — Встреча с игроками БК Химки

Академия баскетбола Астана — Встреча с игроками БК Химки

2019 жылғы 20-22 мамыр күндері Тараздағы «Тараз Арена» спорт кешені алаңында, U-16 жасөспірімдер арасында Азия біріншілігінің FIBA Орталық-Азия аймағы бойынша іріктеу турнирі өтіп, онда біздің Академияның бас бапкері Деян Парежанин жаттықтарған Қазақстан жасөспірімдер құрамасы топ жарды.

Біздің жас таланттарымыз құрлықтың Азия және Мұхит жағалаулары елдері аймағындағы іріктеу додасында Өзбекстан, Қырғызстан және Түркіменстан жеткіншектері арасындағы құрамаларымен сынға түсіп, халықаралық турнирдің жолдамасына таласты.

Сборная Казахстана по баскетболу — Деян Парежанин

Сборная Казахстана по баскетболу — Деян Парежанин

2020 жылдың желтоқсан айында, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-әдістемелік орталығы тапсырысы бойынша, Қазақстан ұлттық баскетбол федерациясы мен «Астана» баскетбол клубының балалар Академиясы бірлесе дайындаған, «Баскетбол ойынының негіздері» атты білімдік бейне роликтер топтамасы шығарылды. Авторы және дәрістерді жүргізуші – «Астана» баскетбол Академиясының бас бапкері және баскетболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасының жаттықтырушысы, серб маманы Деян Парежанин.

Бұл жоба арнайы түрде мектептердің қашықтықтан оқытатын онлайн-бағдарламасына жасалды және оның құрамына баскетбол туралы дене шынықтыру пәнінің 10 толыққанды сабағы енгізілген. Олардың бәрін біздің YouTube арнамыздан көруге болады.

Жасөспірімдер чемпионаттарына қатысу

Академия жеткіншектерінің ең алғаш додаға түскен сыны 2018 жылғы қараша айының соңына дөп келді. Онда олар 2004-2005 және 2006-2007 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы, Талдықорғанда өткен Қазақстан кубогына қатысты.

Академия баскетбола Астана — Кубок Казахстана 2018

Астананың жас баскетболшылары бірінші рет жүлдеге бір жылдан кейін, 2019 жылғы желтоқсан айында қол жеткізді. Щучинскіде өткен U-14 жасөспірімдер арасындағы Қазақстан кубогы додасында қола жүлдеге ие болды. Осы ретте атап өткен жөн, бұған дейін біздің жеткіншектеріміз дәл осы жас шамасындағы Жазғы чемпионатта ең соңғы, яғни 11-орынға табан тіреген болатын. Бірақ жігерлері жасымай, Кубок додасына жан-жақты дайындалды.

Академия баскетбола Астана — Кубок Казахстана 2019

Академия командалары 2021 жылдың қаңтар айынан бастап, COVID-19 нәубетіне байланысты карантин шаралары жұмсарған соң барлық турнирлерге белсенді түрде қатыса бастады.

U-15 және U-17 жасөспірімдері арасындағы Щучинскіде өткен Қысқы чемпионаттардың қорытындысы бойынша Владимир Формазонов жаттықтыратын ересектеріміз 7-ші орынға ие болып, Антон Кирин баптайтын жеткіншектеріміз 6-шы орынды .



Бөле жара атап өтуге болатын мақтанышымыз ретінде біздің Академияның түлегі Асқар Серімбет U-15 жас шамасындағы үздік ойыншылардың бірі атанып, турнирдің таңдаулы бестігіне ілікті.

Академия баскетбола Астана — Аскар Серимбет

2021 жылдың наурыз айында «Астана» баскетбол Академиясы командасы U-15 арасындағы Щучинскіде өткен Көктемгі чемпионатта қола жүлде жеңіп алды. Әрі астана командасындағы көшбасщылардың бірі, нақтырақ айтқанда, Асқар Серімбет тағы да үздік ойыншылардың бірі атанып, турнирдің таңдаулы бестігіне ілікті.



Астана жастары алғашқы күміске U-16 жас шамасындағы Жазғы чемпионатта қол жеткізді. Айналымдық жүйемен өткен турнирде біздің жеткіншектеріміз алты рет жеңіске жетіп, тек соңғы ойында чемпион атанған Атырау командасына есе жіберіп алды. U-14 жас шамасында біздің  команда 9-шы орынды қанағат тұтты.



Үшінші қола жүлдені Академия командасы Алматыдағы U-15 арасындағы Күзгі чемпионаттан алып келді. Ал Асқар Серімбет кезекті рет үздік ойыншылардың бірі атанып, турнирдің таңдаулы бестігіне ілікті.



2021 жылдың соңында Академияның ең кіші командасы U-14 арасындағы Қысқы чемпионатта 6-шы орынды иеленді.

Фарм-команда

Академияны дамыту барысындағы келесі маңызды қадам, оның базасында, 2021 жылғы қыркүйек айында, «Астана» баскетбол клубының фарм-командасын құру болды. Бұл «Sport Qory» туризм және спорт индустриясының қолдауымен, ерлер арасындағы Қазақстан чемпионатының жоғарғы тобы додасына қатысу үшін жүзеге асырылды. Команда құрамы толықтай Академия түлектерімен жасақталып, жаттықтырушылар құрамын оның бапкері Деян Парежанин басқарды.



Академия түлегі – негізгі құрамда

Академияның он жылдық мерейтойы қарсаңында, «Астана» баскетбол клубының желтоқсанда «Ақтөбе» командасымен өткен өз алаңындағы ойындарында команда ростеріне тұңғыш рет фарм-команда ойыншысы   Әлижан Ыдырысжан тіркелді. Ол өз жолын Академиядан бастаған. Екі ойынды қосалқы құрам орындығында өткізген Әлижан келесі қос кездесуде алғаш рет алаңға шықты. Шамамен 5 минуттай ойнап, Ұлттық лигадағы алғашқы ұпайларына қол жеткізді және бір рет қайтқан допты қағып алды.


Академияны құруға және дамытуға үлес қосқандардың бәрін және оның тәлімгерлері мен ата-аналарды бірінші мерейтойымызбен құттықтаймыз. Шын көңілмен зор денсаулық, қажымас қайрат, талмас қанат, өмірдегі бар жақсылықты тілейміз. Әрине, бұдан кейін біздің Академияның құлаш жайып, өркендей беруіне, әрі жаңа жетістіктерге қол жеткізуіне тілектеспіз.

Жаттықтырушыларымызға бөле жара алғыс білдіреміз. Өздеріңіздің шәкірттеріңізге, Қазақстан баскетболының болашақ жұлдыздарына, сіңіріп жатқан барлық еңбек-талпыныстарыңыз үшін рахмет. Жеңіліс эмоциясын сезінбей, тек үнемі қуанышқа бөленіп, шаттана берулеріңізге және өздеріңіздің тамаша жұмыстарыңыздан ләззат ала берулеріңізге тілектеспіз. Ең жоғарғы кәсіби және жеке мақсаттарыңыз жүзеге асып, жоспарларыңыз орындала берсін.



«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»