«Астананың» өз алаңында «ПАРМЫ-ПАРИМАТЧ» командасымен өтетін ойыны кейінге шегерілді

14.01.2022, 20:00    Оқылғаны: 212
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:

«ПАРМЫ-ПАРИМАТЧ» командасы ойыншыларынан алынған COVID-19 сынамаларының оң нәтиже көрсетуіне байланысты, 23 қаңтар күнгі «Астана» баскетбол клубының өз алаңында Пермь командасымен ВТБ Бірыңғай лигасы аясында өтетін ойыны кейінге шегеірлді. Бұл матчтың енді қашан және қай уақытта өтетіндігі келісіліп, бекітілген соң жарияланады.

Сөйтіп, астана командасының жақын арадағы ойындары 19 және 20 қаңтар күндеріне жоспарланып отыр. Дәл осы күндері Дарко Руссо шәкірттері өз алаңында Ұлттық лиганың екі матчын өткізіп, «Тобылды» қабылдайды.



«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»