ВТБ лигасының Жұлдыздар матчына қатысатын ойыншылардың кеңейтілген тізімі

14.01.2022, 18:00    Оқылғаны: 1573
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:

Жанкүйерлер арасындағы, ВТБ Бірыңғай лигасы тарихында алтыншы рет өтетін Жұлдыздар матчына, дауыс беру рәсімі аяқталды. Оның қорытындысы бойынша, «Астана» баскетбол клубының үш ойыншысы, яғни Джейлен Барфорд, Энтони Хики және Максим Марчук «Әлем жұлдыздары» командасының кеңейтілген тізіміне еніп, ал Марк Тихоненко «Ресей жұлдыздары» командасының кеңейтілген тізіміне автоматты түрде ілікті.

Жалпы, дауыс беру қорытындысы бойынша, 60 үміткерден құралған кеңейтілген тізім белгілі болды. Ресейдің сегіз клубынан «Ресей жұлдыздары» командасына ең танымал 3 баскетболшыдан және «Әлем жұлдыздары» командасына да 3 ойыншыдан » («Нижний Новгородтан» – 1 баскетболшы) ілікті. Ресейлік емес төрт командадан – «Әлем жұлдыздары» командасына 3 баскетболшыдан (сондай-ақ «Астана» және «Цмоки-Минск» клубтарынан – «Ресей жұлдыздары» командасына 1 баскетболшыдан). Дауыс беру рәсімінің екінші кезеңіне БАҚ өкілдері қатысып, олар 24 қаңтарға дейін екі команданың қорытынды құрамын жасақтайды.

Дауыс беру барысында ең танымал ойыншылар «Ресей жұлдыздары» құрамасына іліккен Артем Забелин («ПАРМА», жалпы дауыс санының – 44,3%) және «Әлем жұлдыздары» құрамасында көш бастаған Эрик Макколлум («Локомотив-Кубань», жалпы дауыс санының – 64,2%) болды.

Естеріңізге сала кетейік, ВТБ Бірыңғай лигасының Жұлдыздар матчы 20 ақпан күні Мәскеудегі «ВТБ Аренада» ұйымдастырылып, «Ресей жұлдыздары» — «Әлем жұлдыздары» форматында өтеді. Билеттерді сатып алуға болатын промо-сайт - https://tickets.vtb-league.com.

Жұлдыздар матчына қатысатын ойыншылардың кеңейтілген тізімі ВТБ Бірыңғай лигасы сайтында толық жарияланған.



«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»