«Астана» мен «Ақтөбе» арасындағы екінші матчта да сары-көкшіл жейделілер үстем түсті

25.12.2021, 10:00    Оқылғаны: 191
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:

Жұма күні кешкісін «Астана» баскетбол клубы Ақтөбеден келген қонақтарын өз алаңында екінші рет тізе бүктіріп, жанкүйерлерін қуантты. Бүгін қызыл-ақ жейделілер Дарко Руссоның шәкірттеріне төтеп бере алмады.

Дарко Руссо екінші ойында да Джейлен Барфордқа сенім арты, ал бүгін туған күнін атап өтіп отырған Антонио Кэмпбеллдің орнына Скайлар Спенсерді шығарды. Ойын хаттамасында басқа өзгеріс болған жоқ. Бастапқы бестік те кешегі ойындағыдан көп өзгерген жоқ – Джейлен Барфорд, Олег Балашов, Роберт Пан, Вадим Щербак, ал Антонио Кэмпбеллдің орнын Скайлар Спенсер басты.

Отада лақтырылған допқа таласқанда, оны қонақтар іліп әкетті. Әрі олар бірінші шабуылда болмаса да, осы ойында есеп ашты. Алайда, “Астана” ойын тізгінін дереу өз қолына алып, алға қарай ытқи жөнелді. Біздің команданың алғашқы ұпайларын Скайлар Спенсер еншілеп, одан кейін Джейлен Барфорд, Вадим Щербак және Скайлар Спенсер іркес-тіркес доп салды. Барфорд “энд уан” орындап, Руслан Айтқали салған үш ұпайлық доптан соң есеп айырмасы 10 ұпайдан асып кетті. Тағы бір үш ұпайлық дәл соққы, бұл жолы Джейленнің орындауында, сөйтіп “Астана” 15 ұпай басымдықпен алға ұзай түсті. Айтпақшы, қонақтардың ұпайлары бағанында сол бастапқы 2 саны ғана тұрды. Рустам Мырзағалиев алғашқы ұпайларын еншілеп, бірінші кезеңнің ортасында Марк Тихоненко доға сыртынан мергендік танытты. Астана басымдығы 20 ұпайды жуықтағанда, ойын қарқындары күрт төмендеп кетті. Біздің жігіттер үш минутқа жуық уақыт бойы бірде-бір ұпай ала алмады. Ал “Ақтөбе” осы уақыт ішінде жауапсыз 8 балл олжалады. Андрей Литвиненко біздің нәтижесіз іркілісімізді айып сызығынан лақтырған дәл соққыларымен үзіп, ізін суытпай біздің балансымызды Рустам Мырзағалиев та толықтырды. Ол да, Дмитрий Гаврилов та, кезең соңында айып соққыларын мүлтіксіз орындады. “Астана” бірінші онминуттықта айқын басымдықпен үстем түсті – 30:14. “Ақтөбе” екінші кезеңнің төрт минутқа жуық уақыты бойы өз есебін жаңғырта алмады, ал біздің сапымыздан Спенсер мен Тихоненко доп салды. Джейлен Барфорд 3 мәрте нысанаға үш ұпайлық соққыларын дөп түсірген. Содан кейін қызыл-ақ жейделілердің жаттықтырушылары құрамы тайм-аут алды. Содан кейін Скайлар Спенсер доп салып, “Астана” басымдығы 30 ұпайдан асып кетті. Кезеңның ортасында қонақтарымыз бірнеше нәтижелі шабуыл ұйымдастырып, бізден Руслан Айтқали үш ұпайлық соққысын дәл түсірді. Матчтың бірінші жартысының аяғына дейін Мыразағалиев пен Гаврилов доп салған, бірақ ақтөбеліктер үлкен үзіліске шейін есеп айырмасын 10 ұпайдан артық шамаға қысқартты – 52:32.

Джейлен Бэрфорд

Үшінші кезеңнің бірінші жартысында біздің команда сапынан тек Джейлен Барфорд пен Олег Балашов доп салды. Джейлен бес ұпай, ал Олег Балашов жеті ұпай еншіледі. Осы уақыт аралығында қонақтар үшінші кезең басында еншілеген екі ұпаймен шектелді. Сөйтіп, үшінші кезеңнің бел ортасында біздің гандикап қайтадан отыз ұпайға жетті. Бұдан кейін ақтөбеліктер осы ойын бөлігінің бастапқы бес минутына қарағанда әлдеқайда ширақ қимылдады. Бірақ біздің жігіттер де өз мүмкіндіктерін бос жіберген жоқ. Николай Бажин доға сыртынан мергендік танытып, іле-шала қонақтар доптан айырылған беттегі жылдам шабуылды екі ұпаймен түйіндеді. Дмитрий Гаврилов пен Рустам Мырзағалиев өз еншілеріне екі ұпайдан қосты. Ал үшінші кезеңнің нүктесін біздің кэп қойды – 75:42. Төртінші кезеңнің басында “Ақтөбе” өздеріне сенімді болып, белсенділік танытты. Алайда, біздің сапымыздан Джейлен Барфорд жай оғындай жарқылдап, үш ұпайлық аймақтан үш рет доп салды. Сөйтіп, қонақтарды есеп айырмасын қысқартуларына жол берген жоқ. Төртінші кезеңнің ортасына қарай Роберт Пан айып сызығынан алғашқы ұпайларын еншіледі. Әрі біздің жігіттер алыстан доп лақтырып, өз шеберліктерін шыңдай түсті – Марк Тихоненко шығыршықа алыстан екі рет доп салды, Николай Бажин де үш ұпай олжалады. Осыдан кейін біздің команда қонақтардан 40 ұпайға ұзай түсті. Матч соңында Дмитрий Гаврилов құйындай орап соқты. Ол астана командасының ұпай қорын үш таңбалы санға жеткізіп, осы ойынның қорытынды есебін де сол тұйықтады. Қысқартып айтқанда, матчтың соңғы бір жарым минутында тоғыз ұпай еншіледі. Сөйтіп, “Астана” тағы бір өте ірі жеңіске қол жеткізді. Есеп – 104:58.
 


Ең көп ұпай еншілегендер:

  • «Астана» – Джейлен Барфорд бүгін ерекше көзге түсіп, үш ұпайлық 12 мүмкіндігінің 8-ін дөп түсірді. Жалпы, Джейлен бұл матчта 31 ұпай жинап, 4 рет доп қағып алды. Дмитрий Гаврилов матч соңында көсіле сілтеп, барлығы 15 ұпай еншіледі, әрі 4 рет доп қағып алып, 2 рет допты тартып алды. Рустам Мырзағалиев өз еншісіне 12 ұпай қосып, 2 реттен доп қағып алып, пас беріп, допты тартып алды. Олег Балашов небәрі 7 ұпай еншілеп, 3 рет доп қағып алып, 3 рет допты тартып алды, бірақ 10 нәтижелі пас берді. Марк Тихоненко 11 ұпай жинап, 3 рет доп қағып алды. Скайлар Спенсер мен Николай Бажин 8 ұпайдан еншіледі. Бұдан бөлек, Скайлар 4 рет доп қағып алып, Коля 3 рет доп қағып алды және 2 пас берді.
  • «Ақтөбе» – бұл матчта қонақтардың үш ойыншысы он ұпайдан артық жинады: Василий Петришинец – 14 ұпай, Александр Тихонин – 13 ұпай және Александр Папшив – 11 ұпай.


Салдары: “Астана” үшін бұл – оныншы ойындағы 10-ыншы жеңіс, әрі Ұлттық лиганың турнир кестесінде талассыз бірінші орын.

Келесі матч: Сенбіде командалар дем алып, бір күннен кейін Ақтөбеде өтуі тиіс қос матчтың алдында тынығып алады. Бірақ бұл ойындар 26 және 27 желтоқсан күндері Нұр-Сұлтандағы “ Сарыарқа ” велотрегі аренасында өтеді. Жексенбідегі ойын астана уақытымен 15:00-да, ал биылғы жылғы соңғы матч 19:30-да басталады. Екі матчтың да онлайн-трансляциясы біздің сайтымыздың басты бетінде жүргізіледі.

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.



«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»