«Астана» өз алаңында «Ақтөбенің» адымын аштырмады

24.12.2021, 10:00    Оқылғаны: 267
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:

«Астана» баскетбол клубы өз алаңындағы төрт ойынның алғашқысында «Ақтөбе» жанкүйерлерін жасытты. «Қызыл-ақ» жейделілердің Жаңа жыл қарсаңында есе қайтарып, өз фанаттарын қуанта алатын әлі үш мүмкіндігі бар.

Бұл ойында Дарко Руссо жетекшілік ететін жаттықтырушылар құрамы америкалық ойыншылардан Джейлен Барфорд пен Антонио Кэмпбеллге тоқталды. Сонымен қатар, екі айға жуық уақыттан соң, жарақатынан айығып, алаңға Вадим Щербак та шықты. Әрі ойын хаттамасына фарм-команда сапынан Әлижан Ыдырысжан тіркелді. Бастапқы бестікті Джейлен Бэрфорд, Антонио Кэмпбелл, Олег Балашов, Роберт Пан және Вадим Щербак құрады.

Ойынға ортадан қосылған допты біздің жігіттер іліп алып, бірінші шабуылда-ақ Роберт Пан ойын есебін ашып, өзінің алғашқы ұпайларын еншісіне жазды. Одан кейін біздің қоржынымызды Джейлен Барфорд толықтырды. Алайда, қонақтар да қарап қалмады, қатарынан екі шабуылдарын сәтті аяқтап, алға шығып кетті. Бірақ алда ұзақ тұра алмады, Антонио Кэмпбелл “Астананы” қайтадан алға сүйреп, іле-шала біздің команда сапынан бірінші болып үш ұпайлық доп салды. Біздің келесі шабуылдарымызды тек Барфорд түйіндеп отырды – екі мәрте доға сыртынан және бір рет қонақтардың қорғанысын бұзып өтіп. “Ақтөбе” біздің команданы алысқа ұзатпай, аракідік лайықты түрде жауап беріп отырды. Кезең бел ортасынан ауғанда біздің команда алға қарай лап қойды. Руслан Айтқали, Марк Тихоненко, Дмитрий Гаврилов және Олег Балашов доп салып, біздің басымдығымыз лезде екі таңбалы санға жетті. Қонақтар мұндай жоғары қарқынға төтеп бере алмай, қара үзіп қала бастады. Бірінші кезеңнің соңында Николай Бажин мен Дмитрий Гаврилов айып соққыларын мүлтіксіз орындап, біздің қоржынымызды ұлғайта түсті – 29:16. Екінші онминуттық мейілінше тең дәрежеде өтіп, жалпы есептегі біздің айқын басымдығымызға ешқандай қауіп төндірген жоқ. Джейлен Барфорд пен Антонио Кэмпбелл кезекті доптарын салып, Вадим Щербак екі айға жуық емінен кейін алғашқы ұпайларын еншіледі. Дмитрий Гаврилов қонақтардың қорғанысын бұзып өтіп, доп салған соң, біздің басымдығымыз 20 ұпайдан асып кетті. Бұл ақтөбеліктердің жаттықтырушылары құрамын тайм-аут алуға мәжбүрледі. Одан кейін де, матчтың бірінші жартысы аяқталғанша, есеп айырмасы 20 ұпай шамасында сақталып тұрды. Біздің команда сапынан Роберт Пан, Дмитрий Гаврилов, Олег Балашов және Николай Бажин доп салды. Қонақтар есеп айырмасын сәл де болса қысқартып, үлкен үзіліске 15 ұпай кем есеппен шықты – 53:38.

Олег Балашов

Он бес минуттық үзілістен кейін Антонио Кэмпбелл кезекті рет “энд уан” орындап, Дмитрий Гаврилов еншісіне екі ұпай қосты, а Рустам Мырзағалиев осы ойындағы алғашқы ұпайларына қол жеткізді – доға сыртынан үш ұпайлық. Үшінші кезеңнің бел ортасына таман Николай Бажин доп салды, бірақ есеп айырмасы көп өзгерген жоқ. Бірақ бұдан кейін таразы басы бізге қарай тарта бастап, “Астана” есеп айырмасын ұлғайтқан үстіне ұлғайта түсті. Бажин екі ұпай еншілеп, капитан тағы үш ұпайлық доп салды, оны үш ұпайлық соққысымен Айтқали да қолдады. Бұдан кейін ол тағы шығыршыққа доп салып, қонақтарды қайтадан тайм-аут алуға мәжбүрледі. Бір минуттық үзіліс біздің команданың қарқынын бас алмады. Рустам Мырзағалиев тағы бір үш ұпайлық соққысын нысанаға дөп түсірді, ал Айтқали тағы бір жылдам шабуылды түйіндеп, допты 182 градус шыр айналып, шығыршықтың үстінен тоғытты. “Астана” соңғы кезең қарсаңында есеп айырмасын әжептәуір ұлғайтып, жеңіске жететіндерін де белгілі бола бастады – 78:51. Төртінші кезеңнің басында Роберт Пан, Вадим Щербак және Руслан Айтқали доп салып, біздің команданың басымдығы 30 ұпайдан да асып кетті. Ал қонақтардың ойын өрнектері үйлеспей, соққылары нысанаған сирек жетіп отырды. Кезеңнің ортасы аса нәтижелі болып, Роберт Пан екі рет доп салды. Бұдан кейінгі үш минутта біздің команда бірде-бір ұпай еншілей алмады. Ал қонақтар бір ғана доп салды. Содан кейін Мырзағалиев доға сыртынан тағы да мергендік танытты. Одан кейін біздің жігіттер қатарынан үш шабуылды сәтті аяқтады – Литвиненко, Гаврилов және Тихоненко екі ұпайдан еншіледі. Матч соңында “Ақтөбе” бес ұпай олжалады. Әйтсе де, бұл ойында біздің команда өте ірі есеппен жеңіске жеті – 98:59.
 


Ең көп ұпай еншілегендер: 

  • «Астана» – осы матчта алаңға шыққан біздің команданың ойыншыларының бәрі де ұпай еншіледі. Ең көп ұпай жинаған Антонио Кэмпбелл болды, ол 12 минутта 13 ұпай олжалады. Ең тиімдісі – Дмитрий Гаврилов, 12 ұпай, 5 рет доп қағып алды, 5 пас, 2 рет допты тартып алды, 1 блокшот. Роберт Пан бүгін 11 ұпай еншілеп, 3 рет доп қағып алды, 4 пас берді, 5 рет допты тартып алды. Джейлен Барфорд өз еншісіне 12 ұпай қосып, 2 рет доп қағып алды, 2 пас беріп, 2 рет допты тартып алды. Рустам Мырзағалиев 12 ұпай жинап, 3 рет доп қағып алды, 6 пас, 2 рет допты тартып алды. Руслан Айтқали өз еншісіне 12 ұпай қосты және 2 рет доп қағып алды. Ал Олег Балашов 6 ұпайымен қоса, 3 рет доп қағып алып, 7 пас берді және 4 рет допты тартып алды.
  • «Ақтөбе» – Борис Назмутдинов пен Василий Петришинец 10 ұпайдан жинады, ал Александр Тихонин, Сергей Борматенков және Александр Папшив 9 ұпайдан еншіледі.


Салдары: “Астана” әлі жеңілістің кермек дәмін татпай, турнир кестесінде жеке-дара көш бастап келеді.

Келесі матч: “Ақтөбемен” өтетін өзара екінші матч ертең, 24 желтоқсан күні, Нұр-Сұлтандағы “ Сарыарқа ” велотрегі аренасында өтеді. Басталуы – астана уақытымен 19:30-да. Матчтың онлайн-трансляциясы біздің сайтымыздың басты бетінде жүргізіледі.

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.



«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»