«Астана» 2021 жылды ВТБ Бірыңғай лигасындағы «ПАРМА-ПАРИМАТЧ» кездесуімен аяқтайды

18.12.2021, 18:00    Оқылғаны: 259
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:

Тарих қойнауына еніп бара жатқан жылы, «Астана» баскетбол клубы ВТБ Бірыңғай лигасындағы соңғы ойынын түзде Пермнің «ПАРМА-ПАРИМАТЧ» командасымен өткізеді. Матч жексенбі күні, яғни 19 желтоқсанда Пермде өтеді. Басталуы – астана уақытымен 16:00-де.

«ПАРМА-ПАРИМАТЧ» — Ресейдің ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Пермь қаласынан, 2012 жылы құрылған. Биылғы маусымда ВТБ Бірыңғай лигасынан бөлек, FIBA Europe Cup додасында өнер көрсетеді.

Жетістіктері:

  • Ресей кубогының жеңімпазы – 2015/2016, 2018/2019
  • Ресей кубогының қола жүлдегері – 2016/2017
  • Ресей суперлигасының қола жүлдегері – 2015/2016
  • FIBA Europe Cup додасының Төртеу финалында сынға түскен – 2021
 

Парма баскетбол клубы 2021/2022

Команда құрамы:

«ПАРМА-ПАРИМАТЧ» америкалық Лоренцо Уильямспен және серб Борис Савовичпен келісімшарттарын ұзартқан жоқ. Ал ресейлік ойыншылардан команда сапынан Максим Григорьев пен Владимир Ивлев кетті. Соңғысы ЦСКА сапына ойысты. Сонымен қатар, жас ойыншылар тізімінде әзірше Кирилл Будин, Егор Чернышев және Вадим Бондаренко жоқ. Былтырғы маусымдағы тоғыз ойыншы пермдіктер сапында қалды. Балтық жағалауы елдерінің өкілдері толығымен команда құрамында – литвалықтар Адас Юшкявичус пен Эйгирдас Жукаускас, сондай-ақ латыш Марекс Мейерис. Тағы бір легионер Пермь командасының намысын әлі өорғап жүр – поляк Марцел Понитка. Қалған бесеуі ресейлік азаматтықтары бар ойыншылар – Николай Жмако, Константин Буланов, Глеб Шейко, Александр Платунов және Александр Куров.

Пермь командасының америкалық жаңа ойыншысын таныстырудың да қажеті жоқ. Өйткені, ол Қазақстан ұжымының барлық жанкүйерлеріне өте жақсы таныс – қорғаушы Джеремайя Хилл. Беларусь елінің орталық шептегі алыбы Артем Параховский де ВТБ Бірыңғай лигасына алғаш рет қосылып отырған ойыншы емес. Тіпті ол, ВТБ лигасының һәм Ресей чемпионатының күміс жүлдегері болған. Сонымен қатар, екі мәрте Беларусь чемпионы мен кубогының жеңімпазы, Латвия және Израиль чемпионы, Литва чемпионатының күміс жүлдегері, Украина Суперлигасы және Король Миндаугас кубоктарының жеңімпазы атанған – танымал ойыншы. Артем өз мансабын  Беларустің “Виталюр” командасы сапында бастап, Түркияның “Олин Эдирне”, Израильдің “Хапоэль Иерусалим” және “Маккаби Тель-Авив”, Литваның “Ритас”, Сербияның “Партизан”, Францияның “Страсбур” және “Андорра” командаларында ойнап шыққан. ВТБ Бірыңғай лигасында әр маусымды “ВЭФ”, “Будевельник”, “Нижний Новгород”, “УНИКС” және “Цмоки-Минск” командалары сапында өткізген. Тәжірибелі Ресей қорғаушысы, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері және FIBA EuroCup Challenge додасы мен Ресей кубогының жеңімпазы – Евгений Воронов биыл “ПАРМА” сапын толықтырды. Бұл – Евгенийдің ВТБ Бірыңғай лигасындағы 11-ші маусымы. Ол бұған дейін УНИКС, “Красные Крылья”, “Динамо Мәскеу”, ЦСКА, “Локомотив-Кубань”, “Зенит” және “Химки” құрамдарында ойнаған. Орталық шептегі Артем Забелин де – Ресейдің тәжірибелі ойыншыларының бірі. Ол бұған дейін де “ПАРМА” сапында ойнаған, әрі бір маусымнан кейін пермдіктер құрамына қайта оралып отыр. Артем өз карьерасында Еуролига чемпионы және қола жүлдегері болып, ВТБ Бірыңғай лигасында жеңімпаз атанған, үш дүркін Ресей чемпионы атанып, екі мәрте Ресей кубогын жеңіп алған. Ол “Автодор”, “Динамо СПб”, ЦСКА, “Локомотив-Кубань”, “Красные Крылья” клубтарында, сондай-ақ Ресей суперлигасындығы “Спартак Приморье” және “ТЕМП-СУМЗ-УГМК” ұжымдарында өнер көрсеткен. Сонымен қатар, пермдіктер құрамы тізіміне жас шабуылшы Владислав Перевалов та ілікті.

Казис Масквитис

Бас бапкер: Пермь командасының жаттықтырушылар құрамы былтырғы маусымен салыстырғанда – өзгеріссіз. Төртеуі де, яғни литвалық бас бапкер Казиса Масквитис пен оның отандасы Гинтарас Кадзиулис, сондай-ақ ресейлік мамандар Вячеслав Шушаков пен Вениамин Анисимов “ПАРМА” жаттықтырушылары құрамындағы орындарын сақтап қалды.

Команда көшбасшылары: Легионерлерінің бәрі де ұжымның үздік бестігіне кіреді: Адас Юшкявичус – нәтижелі ойын өрнегінен көшбасшы, ал Марекс Мейерис – тиімділігі бойынша. Артем Параховский, Эйгирдас Жукаускас және Джеремайя Хилл үшеуінің де – көрсеткіштері жоғары. Марцель Понитка да – команданың негізгі құрамындағы ойыншылардың бірі. Ресейлік ойыншылардан Артем Забелин, Николай Жмако және Александр Платунов үшеуін атап өтуге болады.

Турнир кестесіндегі жағдай: ПАРМА-ПАРИМАТЧ дәл қазір жеті ойындағы үш жеңісімен турнир кестесінің жетінші сатысында тұр. Олар маусымды түзде, Беларусь “айдаһарларымен” өткен тартысты ойында жеңіске жетіп бастады. Одан кейін үш рет қатарынан жеңіліске ұшырады – өз алаңында ЦСКА-дан ойсырай ұтылып, өз жерінде тағы бір матчта жеңісті уысынан шығарып алды, бұл жолы УНИКС-ке есе жіберді, әрі түзде “НН” жігіттеріне төтеп бере алмады. Содан соң “Калев” командасын түзде оңдырмай сан соқтырып, өз алаңында “Зелена-Гура” ұжымынан басым түсті. Өз алаңындағы соңғы ойында “Локо” ойыншыларынан ұтылды.

Кездесулер тарихы: Пермь және Нұр-Сұлтан командалары өзара 9 рет кездесті. Былтырғы маусымда командалар түздегі ойындарында бір-бірінен басым түсіп, бір ойында жеңіске жетті. Осы нәтижелермен есептегенде, “Астана” өзара кездесулерде 6:3 есебімен алда тұр.

Қызықты деректер: 

  • Джеремая Хилл өткен екі маусымды Қазақстан командасының сапында өткізген.
  • Букмекерлер “Астананың” жеңіске жететінен үлкен коэффициент қойып отыр.


Матч жексенбі күні, яғни 19 желтоқсанда Пермдегі «Молот» спорт сарайы алаңында өтеді. Басталуы – астана уақытымен 16:00-де. Матчтың онлайн-трансляциясы біздің сайтымыздың басты бетінде жүргізіледі.

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.



«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»