«Астана» өз алаңында Ұлттық лигадағы алғашқы екі ойынын «Тобылмен» өткізеді

11.12.2021, 22:30    Оқылғаны: 175
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:

12 және 13 желтоқсан күндері Астана» баскетбол клубы өз алаңында Ұлттық лига аясындағы алғашқы екі ойынын өткізеді. Еліміздің мерейтойлы маусымында Нұр-Сұлтанға бірінші болып қонақа келетін – Қостанайдың «Тобылы». Матчтар Нұр-Сұлтандағы «Сарыарқа» велотрегі аренасында өтеді. Жексенбі күнгі бірінші ойын, астана уақытымен 17:00-де, ал дүйсенбідегі екінші матч 19:30-да басталады. Екі матчқа да кіру – тегін.

! НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР — Барлық жанкүйерлерден Өз алаңымызда өтетін матчтарға кіру Ережелерімен мұқият танысып шығуларыңызды өтінеміз. Аренаға тек Солтүстік есіктен ғана кіруге болады (Орынбор көшесі жағынан, жанармай бекетіне қарама-қарсы).


«Тобыл» – Қазақстанның ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Қостанай қаласынан.

Жетістіктері:

  • Қазақстан чемпионатының жеңімпазы: 2003/2004
  • Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2004/2005, 2005/2006, 2006/2007, 2008/2009, 2009/2010, 2010/2011
  • Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2020/2021
  • Жоғарғы лига жеңімпазы: 2013/2014, 2015/2016, 2016/2017
  • Жоғарғы лиганың күміс жүлдегері: 2010/2011
  • Қазақстан кубогының иегері: 2005
  • Қазақстан кубогының финалына шыққан: 2003, 2006, 2008, 2009, 2012, 2015, 2020, 2021
  • Қазақстан кубогының қола жүлдегері: 2018


Тобол баскетбол клубы

“Астана” үшін бұл Қостанай командасымен биылғы маусымдағы екі матчтық жауапты кездесулер болады. Алғашқы екі ойын 22 және 23 қазан күндері Қостанайда өткен болатын. Онда біздің команда үстемдік танытып, екі матчтың қорытындысы бойынша 90 ұпай ацырмасымен жеңіске жеткен. “Астана” бұдан кейін Ақтауға барып, «Каспий» командасын да екі рет тізе бүктірді. Сөйтіп, қазір Ұлттық лигада басқа командалардан аз ойын өткізсе де, жүз пайыздық көрсеткішпен көш бастап келеді. Ал “Тобол” болса, “Астанамен” өткен екеуара қос кездесуден кейін батысқа қонаққа барып, түзде тағы төрт ойын өткізді. Әрі олардың бұл сапарлары аса сәтті болмады. Қостанайлықтар Ақтаудағы екі ойынның біреуінде ғана жеңіске жетіп, екіншісінде “Капсийден” ұтылып қалды. Ал Атырауда екі мәрте жеңілістің кермек дәмін татты. Сөйтіп, қостанайлықтар турнир кестесінде үшінші орынды иеленіп тұрған. Бірақ “Каспий” мен “Ақтөбе” арасындағы соңғы ойыннан кейін тағы бір саты төмен сырғып, қазір бесінші орында тұр.

Команда құрамындағы өзгерістер: “Тобыл”, соңғы екеуара матчтан бері құрамын мүлдем өзгерткен жоқ.

Команда көшбасшылары: Дәл қазір Қостанай командасының нақты көшбасшылары – Шайым Қуанов пен Антон Быков. Сонымен қатар, қостанайлықтар сапынан “Астананың” бұрынғы ойыншылары Павел Ильин мен Максим Воейковті де атап өткен жөн.

Матчтар Нұр-Сұлтандағы «Сарыарқа» велотрегі аренасында өтеді. Жексенбі күнгі бірінші ойын, астана уақытымен 17:00-де, ал дүйсенбідегі екінші матч 19:30-да басталады. Екі ойынның да онлайн-трансляциясы біздің сайтымыздың басты бетінде жүргізіледі.

Аренаға кіру тек Солтүстік есіктен жүзеге асырылатын болады (Орынбор көшесі жағынан, жанармай бекетіне қарама-қарсы), мына сызбаға сай:



Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.



«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»