«Астана» Қазанда ВТБ Бірыңғай лигасының көшбасшысымен додаға түседі

13.11.2021, 18:30    Оқылғаны: 242
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:

2023 жылғы Әлем кубогының іріктеу матчтары өтетін 1-ші ойын кезеңі қарсаңында «Астана» баскетбол клубы ВТБ Бірыңғай лигасының көшбасшысына қонаққа барады – Қазанның УНИКС клубына. Матч жексенбі күні, яғни 14 қарашада Қазан қаласында өтеді. Басталуы – астана уақытымен 21:00-де.

УНИКС
 – Ресейдің ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Қазан қаласынан. 1991 жылы құрылған. Биылғы маусымда ВТБ Бірыңғай лигасынан бөлек Еуролига додасында да өнер көрсетеді.

Жетістіктері:

  • Ресей чемпионатының күміс жүлдегері − 2001, 2002, 2004, 2007, 2016, 2021 
  • Ресей чемпионатының қола жүлдегері − 2000, 2003, 2005, 2009-2011, 2013/2014, 2018/2019
  • Ресей кубогының жеңімпазы − 2003, 2009, 2014 
  • FIBA Еуролига чемпионы − 2003/2004 
  • Еуропа кубогы жеңімпазы − 2010/2011
  • Еуропа кубогының финалына шыққан – 2013/2014, 2020/2021
  • NEBL чемпионы − 2002/2003. 
  • ВТБ Бірыңғай лигасының күміс жүлдегері − 2009/2010, 2011/2012, 2015/2016, 2020/2021 
  • ВТБ Бірыңғай лигасының қола жүлдегері − 2010/2011, 2018/2019


Баскетбольный клуб УНИКС

Команда құрамы:

Қазан командасы былтырғы маусыммен салыстырғанда құрамын едәуір өзгертті. Маусым аралығында ұжымнан америкалықтар Нэйт Уолтерс, Окаро Уайт, Джамар Смит, Джордан Морган, Джон Холланд кетіп қалды. Әрі македондық болып тіркелген Джордан Теодор да кетті. Ресей ойыншыларынан Александр Разумов пен Кирилл Аношин УНИКСпен келісімшарттарын ұзартқан жоқ. Павел Антипов “Нижний Новгород” командасына, ал Евгений Колесников пен Павел Сергеев “Автодор” клубына ауысты. Қазандағы тұрғылықты орындарын тек бес баскетболшы ғана өзгерткен жоқ – америкалықтар Джон Браун III, Айзея Кэнэн және ресейліктер Георгий Жбанов, Дмитрий Узинский, Артем Клименко.

Биылғы маусымда УНИКС сапында үш америкалық ойыншы Бірыңғай лигасында алғаш рет додаға түсті. Тәжірибелі қорғаушы О Джей Мэйо өзінің кәсіби карьерасындағы бастапқы 8 маусымды NBA-дағы “Мемфис Гриззлис”, “Даллас Маверикс” және “Милуоки Бакс” клубтары сапында өткізген. Одан кейін пуэрторикалық “Атлетикос де Сан-Херман” командасында ойнады. Ал соңғы үш маусымды Азияда өткізді – Тайванның “Дацин Тайгерс” және “Тайбэй Фубон Брэйвз”, Қытайдың “Хунань Жинжиань Мие” және “Ляонин Флаин Леопардс” командалары құрамында. Америкалық қорғаушы Лоренцо Браун Құрама Штаттарда NBA мен NBA Жетілу лигасы арасында “сенделген”. NBA-да ол “Филадельфия СевентиСиксерс”, “Миннесота Тимбервулвз”, “Феникс Санс” және “Торонто Рэпторс” клубтары сапында ойнады. Ал NBA Жетілу лигасысында “Делавер ЭйтиСевенерс”, “Спрингфилд Армор”, “Грэнд Рэпидс Драйв” және “Рэпторс 905” ұжымдарының намысын қорғаған. Сонымен қатар, Лоренцо Қытайда “Жежиань Голден Буллз” және “Гунчжоу Лонг Лайнс” сапында өнер көрсетті. Әрі Сербияның “Црвен Звезда” және Түркияның “Фенербахче” клубтары сапында да ойнап үлгерді. Америкалық шабуылшы Джарелл Брэнтли УНИКСке дейін екі маусым NBA-дағы “Юта Джазз” сапында, сондай-ақ оның NBA Жетілу лигасысындағы фарм-командасы “Солт-Лейк Сити Старз” құрамында ойнаған. Хорватия шабуылшысы Марио Хезонья өзінің кәсіби карьерасын Испанияның “Барселонасы” жүйесінде бастаған. Бес маусым NBA-дағы “Орландо Мэджик”, “Нью-Йорк Никс” және “Портленд Трэйл Блэйзерс” клубтарында ойнаған. Сондай-ақ, Грекияның “Панатиакос” командасы мен Хорватия құрамалары сапында өнер көрсеткен. Италия қорғаушысы Марко Списсу тек өз елінде ойнап, “Торрес”, “Динамо Сассари”, “СантОрсола”, “КУС Бари”, “Касалпустерленго”, “Виола Реджио Калабриа”, “Дертола” және “Виртус Болонья” клубтарының намысын қорғаған. Әрі 2019 жылы ЕуроКубок жеңімпазы атанған. Нигерияның орталық шептегі ойыншысы Тони Джекири Түркияның “Бандырма Кырмызы” командасынан бастап, Бельгияда “Оостенде” командасымен Белгия чемпионы атанып, осы елдің кубогының да жеңімпазы болған. Сондай-ақ, өз карьерасында Түркияның “Газиантеп”, Францияның “АСВЕЛЛ” және Испанияның “Баскония” командаларының де жейделерін киген. Қазан командасына биылғы маусымда ресейлік төрт тәжірибелі ойыншы ауысып келді. Шабуылшы Андрей Воронцевич “НН” командасынан ойысты, ал бұған дейін он маусымнан артық уақыт бойы ЦСКА намысын қорғаған болатын. Қорғаушы Артем Комолов та “Нижний Новгородтан” келді, ол онда соңғы төрт  маусымын өткізіп, оған дейін “Зенит” сапында ойнаған. Қорғаушы Вячеслав Зайцев бұған дейінгі маусымдарды “Химки” сапында өткізіп, ал оған дейін “Красный Октябрь” және “Енисей” командаларында болған. Шабуылшы Евгений Валиев те – бұрынғы “Химкидің” ойыншысы, сондай-ақ “Парма”, “Зенит” және “Триумф” командаларында ойнаған.

Бас бапкер: УНИКС маусым аралығында жаттықтырушыларын толықтай дерлік ауыстырды. Бас бапкер, грек Димитрис Прифтис пен оның көмекшілері және жерлестері Томас Нику мен Валилес Симтсак командадан кетті. Жаңа бас бапкер болып Хорватия маманы Велимир Перасович бекітілді. Велимир өз карьерасын ойыншы ретінде бастап, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Әлем чемпионы, Еуропа чемпионы атанып, екі рет Еуропаның қола жүлдегері болған. Югославияның “ПОП 84” командасында, сондай-ақ Испанияның “Бреоган”, “Таугрес”, “Фуэнлабрада” және “Аликанте” клубтарында ойнаған. Жаттықтырушылық карьерасын өзі түлеп ұшқан “ПОП 84” командасынан бастаған. Бірақ ол кезде бұл ұжым “Сплит” деп аталатын. Испанияның алты командасының тізгінін ұстаған –“Севилья”, “Таугрес”, “Эстудиантес”, “Валенсия”, “Лабораль Кутча” және “Баскония”. Сондай-ақ, Түркияның “Эфес Пилсен” және “Анадолу Эфес”, Хорватияның “Цибона” командалары мен Хорватия құрамасын жаттықтырған. Қазанда оған словениялық Юре Дракслар, грек Константинос Каймакоглу (былтырғы маусымда ғана УНИКС-тің сапында ойнаған), серб Джордже Варагич, хорват Милан Каракаш және былтырғы маусымнан қалған жалғыз бапкер, ресейлік Артур Бигеев көмектеседі.

Команда көшбасшылары: ВТБ Бірыңғай лигасында УНИКСтің ең тиімді және нәтижелі ойыншысы хорват Марио Хезонья болып жүр. Сонымен қатар, көшбасшылар қатарында – Джон Браун III, Айзея Кэннэн, Лоренцо Браун және Андрей Воронцевич. Бастапқы бестікке Джаррелл Брэнтли, Дмитрий Узинский және Тони Джекири үшеуі де жиі ілігеді.

Турнир кестесіндегі жағдай: “Астана” дәл қазір екі жеңіс, екі жеңілісімен ВТБ Бірыңғай лигасында жетінші орынды иеленіп тұр. УНИКС алты ойында бес рет жеңіске жетіп, бірінші орынға оналасқан. Қазандықтар маусым басында “Локомотив-Кубань” мен “Зелена Гура” командаларын тізе бүктірді. Содан кейін “Енисейден” жеңісті жұлып алып, “Автодордан” ұтылып қалды. Әрі «ПАРМАны» да оңайшылықпен ұта алмады. Есесіне, соңғы матчта ЦСКА саңлақтарын сан соқтырып кетті. Еуролигада Қазан командасы тоғыз ойын өткізіп, соның үшеуінде жеңіске жетті. Бұл ретте, 12 қараша күні олар Грекияның “Панатинаикос” командасын ұтты.

Кездесулер тарихы: ВТБ Бірыңғай лигасы аясындағы кездесулерінде «Астана» мен УНИКС алаңда 17 рет жолықты. Соның екеуінде ғана астана командасы Қазаннан шыққан әйгілі қарсыласынан айласын асыра алды.

Қызықты деректер:

  • “Астана” УНИКС-ті соңғы рет 2018/2019 маусымында ұтқан, әрі бұл Қазанда жүзеге асқан болатын.
  • Букмекерлер “Астананың”жеңіске жететіндігіне мүлдем сенбейді.


Матч жексенбі күні, яғни 14 қарашада Қазандағы Баскет-Холл алаңында өтеді. Басталуы – астана уақытымен 21:00-де. Матчтың онлайн-трансляциясы біздің сайтымыздың басты бетінде жүргізіледі.

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.



«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»