«Астана» әйгілі әскери клубтан ұтылып қалды

08.10.2016, 19:35    Оқылғаны: 861
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор: Альмира Шахаева
«Астана» ВТБ Бірыңғай лигасы чемпионаты аясындығы үшінші кездесуінде ЦСКА баскетболшыларынан ұтылып қалды – 92:76 (24:21, 18:11, 33:21, 17:23)

Елорда клубының ВТБ Бірыңғай лигасы чемпионаты аясындығы үшінші ойыны да аяқталды. Астанаға қонаққа Мәскеудің ЦСКА-сы келген. Илиас Папатеодору шәкірттері үшін әскерилер клубымен өткен ойын баға жетпес спарринг болды. Себебі алда ұлттық чемпионатта да, ВТБ лигасында да маңызды ойындар бар. Бүгінгі матчта команда капитаны Рустам Ерғали мен Дмитрий Климов алаңға шыққан жоқ. Екеуі де өткен ойында кішігірім жарақат алып қалған болатын.

Ойын басталған бетте біздің баскетболшылар Еуролига чемпиондарымен тайталасып, табан тіресе додаға түсті. Бірінші онминуттық 21:24 есебімен аяқталды. ЦСКА айқын басымдық таныта алмады. Екінші онминуттықта да «Астана» жігіттері айылдарын жиған жоқ. Бірақ қонақтар қарқындарын үдете түсті. 10 ұпай айырмасымен алға шығып, осы басымдықты матч аяғына дейін ұстап тұрды. Кездесу 76:92 есебімен, ВТБ Бірыңғай лигасының өткен маусымдағы чемпионы жеңісімен аяқталды.
 
Ең көп ұпай жинағандар:

«Астана»: Усман Крубалли (19 + 12 д.қ), Максим Марчук (13), Родерик Одом (10), Иан Миллер (8 + 7 пас).

ЦСКА: Никита Курбанов (26 ұпай), Нандо Де Коло (18 + 8 пас), Джеймс Огастин (12 + 5 д.қ), Дмитрий Кулагин (10).

«Астана» ПБК бас бапкері Илиас Папатеодору:
– Біз үшін ЦСКА секілді айбынды командамен ойнаудың өзі – үлкен мәртебе. Олардың құрамында деңгейі жоғары ойыншылар көп, бас бапкері де – Еуропадағы ең үздік жаттықтырушылардың бірі. Сөз жоқ, олар бірі-бірімен тығыз байланысып, үйлесім тапқан. Бізге қиын болатындығын білдік, сондықтан бірінші минуттан бастап, жоғары қарқында ойнап, шабуылда батылдау ойнауға тырыстық. Мұнымыздан бірдеңе шыққандай еді, бірақ ЦСКА қорғанысын сапырылыстырып, біз оған дайын болмай шықтық. Әйтсе де, мен өз ойыншыларыма ризамын, ді жаңылдырды. Олар жақсы ойнады. Мені бүгін Максим Марчук таң қалдырды. Ол тәп-тәуір ойын үлгісін көрсетті. Бізге қазақстандық ойыншылардың да қалыспай, өз үлестерін қосқаны өте қажет.

ЦСКА бас бапкері Димитрис Итудис:
– Команданы жеңісімен құттықтаймын. Соңғы уақытта біз көп күнімізді жолда өткізіп жүрміз, оны да ескеру қажет. Қытайдан келе салып, Красноярскіге ұштық, одан кейін Астанаға жол тарттық. Оның үстіне, белді ойыншыларымыздың төртеуі жоқ. Олардың екеуі – қорғаушы. Әрине, осыған байланысты біздің ойын өрнегіміз ақсап та қалды. Кейде құйындай орап соғамыз да. Дегенмен, ВТБ лигасының бастапқы екі ойыны да пайдалы болды. Түйгеніміз көп, енді Еуролиганың басталуына әзірленеміз. Ойынның алдында атап өткенімдей, Астанада қазір мүлде жаңа, жас, жақсы команда жасақталған. Клуб бапкерлерін, басшыларын, Валерий Тихоненконы құттықтаймын. Қандай жаөсы, ВТБ лигасында осындай команда бар.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»