Чемпион плей-оффты жеңіспен бастады
Ресейдің ЦСКА командасы плей-офф сатысындағы, яғни 1/4 финалындағы бірінші матчты өз алаңында өткізіп, қазақтың «Астанасынан» басым түсті – 77:54 (29:9, 18:14, 15:17, 15:14).
Ойын тағыдыры негізінен алғашқы 10-минуттықта шешілді деуге де болады: әсерилер клубы қонақтарын қыспаққа алып, «Астана» баскетболшыларын әбден састырды – қазақстандықтар дәміл-дәміл доптан айырылып қала берді. Оның үстіне, қонақтар Аарон Джексон мен Нандо Де Колоға ие бола алмай қалды. Екеуі қайта-қайта торшеңберді дәл көздеумен болды. Сөйтіп, ойынның екінші ширек бөлігінің басында қызыл-көк жейделілер «+20» ұпай айырмасымен алда тұрды. Бұдан кейін «Астана» терезесі тең деңгейде өнер көрсете бастағанымен, есепті қысқарта алмай-ақ қойды. Бірінші ойын алаң иелерінің жеңісімен аяқталды.
Ең көп ұпай жинағандар:
ЦСКА: Виталий Фридзон (18), Нандо Де Коло (13 + 5 пас), Кори Хиггинс (11), Аарон Джексон (10)
«Астана»: Усман Крубалли (15 +10 рет доп қақшып алды), Димитриос Катсивелис (14 + 6 рет доп қақшып алды + 5 пас)
ЦСКА бас бапкері Димитрис Итудис:
— Команданы жеңісімен және жалпы есепте 1-0 есебімен алға шыққанымен құттықтаймын. Біз жоғары қарқында ойнадық, әсіресе – қорғаныста. Қарсыласымызды қателесуге мәжбүрледік. Алайда, лақтырған добымыздың бәрін де дөп түсіре алмадық, бұл жағынан жұмыс жасауымыз керек. Сонымен қатар, Никитаны жеке жетістігімен құттықтағым келеді. Ол оған лайық, әрі ол – қорғаныстағы ең үздік ойыншылардың бірі. Оның біздің командада ойыншы ретінде жетіле түскеніне және үздік шығуымызға көмектесткеніне қуаныштымын.
«Астана» ПБК бас бапкері Илиас Папатеодору:
— Ойынның бірінші бөлігінде біз доптан айырылып қала бердік, өте көп – 15. Әрине, ЦСКА өзінің деңгейін паш етіп, мұны пайдалана білді. Осының салдарынан, біз қарсыласымызбен тайталаса алмадық. Жексенбі күні бүгінгіден тәуір ойын өрнегін көрсететінімізге сенімдімін.
«Астана» келесі ойынын да Мәскеуде өткізеді. 7 мамыр күні ВТБ Бірыңғай лигасының 1/4 финалы аясында Ресей баскетбол клубы ЦСКА командасымен кездеседі.