Еуролига чемпионы Астанада!

07.10.2016, 11:30    Оқылғаны: 602
Дереккөз:
Автор:
Ертең, 8 қазан күні «Астана» Президенттік баскетбол клубы өз алаңында Мәскеудің әйгілі әскери клубын, ЦСКА командасын қабылдайды.

Елордалық баскетбол өз алаңындағы ойындарын жалғастырып, бұл жолы Мәскеудің әйгілі клубы, ЦСКА әскери командасымен кездеседі. Бұл команданы таныстырып жатудың да қажеті жоқ. Бұл команданың сапына Ресей және Еуропа баскетболының жарық жұлдыздары жиналған. Бұл командадан көп ұжым үлгі алуға тырысады, алаңдағы ойын өрнегіне де, сауатты менеджментіне де қызығады. Айтпақшы, ЦСКА клубымен бізді байланыстыратын достық қатынастар бар. «Астана» ПБК Бас менеджері, Олимпиада чемпионы Валерий Тихоненко осы әскери клубтың құрамында ойнаған. Қазір екі клубтың да бас бапкерлері – шауқты Грекия мамандары.

Қарсылас жайлы мәлімет:

ЦСКА баскетбол клубы (Ресей, Мәскеу) 1924 жылы құрылған.

Жетістіктері:
  • КСРО чемпионы − 1945, 1960−1962, 1964−1966, 1969−74, 1976−1984, 1988, 1990. 
  • Ресей чемпионы − 1992−2000, 2003−2015. 
  • КСРО кубогының жеңімпазы − 1972, 1973, 1982. 
  • Ресей кубогының жеңімпазы − 2005−2007. 
  • Еуропа чемпиондары кубогының жеңімпазы − 1960/61, 1962/63, 1968/69, 1970/71. 
  • Еуролига чемпионы − 2005/06, 2007/08, 2015/16 
  • NEBL чемпионы − 1999/2000. 
  • ВТБ Бірыңғай лигасының чемпионы − 2009/10, 2011/12, 2012/13, 2013/14, 2014/15, 2015/16 
  • ВТБ Бірыңғай лигасының күміс жүлдегері − 2010/11. 

Елорда баскетболшылары үшін әскерилер командасымен өтетін кездесу шеберліктерін шыңдай түсуге болатын ойын және баға жетпес тәжірибе болады. Өйткені ЦСКА секілді баскетбол өнері майталмандарымен бірге ойнаудың өзі – ғанибет! 

Матч «Сарыарқа» республикалық велотрегінде өтеді. Басталуы – 16:00. Кіру тегін!


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»