«Астана» Ұлттық лига додасының негізгі бөлігін техникалық жеңіліспен тәмамдады

07.04.2021, 18:00    Оқылғаны: 283
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:

Ұлттық лига чемпионатының негізгі додасындағы, 7 сәуір күні Нұр-Сұлтандағы «Сарыарқа» велотрегі алаңында өтуі тиіс болған, «Астана» баскетбол клубы мен Қостанайдың «Тобылы» арасындағы соңғы матч техникалық себептерге байланысты өтпейтін болды. Астана командасына техникалық жеңіліс жазылды — 0:20.

Осылайша, бұл «Астананың» Ұлттық лига чемпионатының негізгі додасындағы жалқы жеңілісі болды. Әйтсе де, біздің жігіттер бірінші орынға ие болды. Әрі басқа командалар арасындағы қалған ойындардың нәтижелері де елордалықтардың көшбасшылық мәртебесіне ешқандай әсер етпейді. Алда – плей-офф додалары, сәуір айының соңында басталатын бұл додада елорда командасы чемпиондық атағын қорғайтын болады.

Келесі матч: Енді Эмиль Райковичтің шәкірттері қайтадан жолға шығып, 11 сәуір күні ВТБ Бірыңғай лигасының негізгі додасында, түздегі соңғы кездесуін өткізеді. Қарсыласы – Мәскеудің ЦСКА командасы.

Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.



«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»